Бектаев: Қандастарға Қазақстанға көшіп келу үдерісі соңғы он жылда күрт азайған

Уақыты: 2020-11-18 Көрлімі: 388 Сипаттама

Соңғы 10 жылда Қазақстанға көшіп келгісі келетін қандастар саны күрт азайды. Бұл туралы...

201118121728720e.jpg

Соңғы 10 жылда Қазақстанға көшіп келгісі келетін қандастар саны күрт азайды. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев айтты, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, оны күшейтуге, сонымен қатар демографиямыздың күрт өсуіне арқау болатын қандастарымыз! Тәуелсіздік алғалы бері тарихи отанына 1 млн 200 мың ағайын көшіп келген болса, олардың қазіргі саны 3 миллионға жуық. Бүгінде бұл үлкен әлеумет. Олардың қоғамға да, мәдениетке де, тіпті ауыл шаруашылығына да сіңірген еңбегі зор», - деді ол партияның кезектен тыс XVIII съезінде.

Алайда, Әли Бектаев бейресми деректерге сәйкес сыртта әлі 7,5 млн қандасымыз жүргендігін айтады.

«Өкініштісі, олардың Қазақстанға көшіп келу үдерісі соңғы он жылда күрт азайған. Себебі 2010 жылдан бастап мемлекеттік қолдау тетіктері тоқтатылды. 2017 жылдан бері қоныс аудару квотасы пайда болды. Десе де нәтиже нөлге тең. Осы мәселені қолға алу керек деп санаймыз. Сонымен қатар, қандастар көшін қайта жандандыру үшін дипломатиялық миссия құзырлы органдармен бірге этникалық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуы кезінде мал, техника тәрізді жылжымалы мүліктерін өздерімен алып келуі мәселесін шешуі тиіс», - деді «Ауыл» партиясының төрағасы.


Пікір жазу
  • 2019 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда Қазақстанның халық саны 1,3% өсті
    Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

    Ұқсас тақырыптар