Алматы әкімдігі О. Әділбекұлын жаңа жылмен құттықтады

Уақыты: 2020-12-31 Көрлімі: 2504 Сипаттама

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірле...

Снимок.JPG

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлын жаңа жылмен құттықтап, қоғамдық қызметтегі белсенділігі мен пандемия кезіндегі халыққа көрсеткен қайырылымдылық көмегі үшін алғыс хатпен марапаттады.

Естеріңізге сала кетсек, Омарәлі Әділбекұлы басшылық ететін «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен төтенше жағдай кезінде жүзеге асып жатқан «Біз Біргеміз» акциясына қатысып, 2020 жылдың 7 сәуірінде Алматы қаласы Жетісу ауданында тұратын, ішінде көп балалы және жалғызбасты аналар бар  40 отбасыға 800 мың теңге қаржылай көмек жасаған. 20 наурыз күні «Жебеу» РҚБ құны бір миллион теңгелік маска және антисептикалық дәрі-дәрмекті Алматы қалалық № 12 емхана мен қалалық денсаулық сақтау басқармасына сыйлаған болатын.


Пікір жазу
  • Қарлығаш Бекпатшақызының қандастарды жаңа жылмен құттықтауы
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа 2021 жылмен құттықтауы