Омарәлі ӘДІЛБЕКҰЛЫ: Президент популизммен емес нақты іспен айналысуды айтты

Уақыты: 2020-09-01 Көрлімі: 1651 Сипаттама

Бүгін Мемлекет басшысы өзінің екінші реткі Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Өтке...

2020081914474173535_2020070819352127875_unnamed.jpg

Бүгін Мемлекет басшысы өзінің екінші реткі Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Өткен жылғы ҚР Президент сайлауында «Сабақтастықты» ту етіп  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін ел тізгінін ұстаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдынан аса ауыр сындар қарсы алды. Президенттің бүгінгі жолдауы да сындарлы кезеңнен қалай өту жайында болды.

«Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу»,- деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отырғанын айтып өтті. Халықаралық сарапшылардың пікірін ескере отырып жасаған президентіміздің пандемияға қарсы бұл қадамдары қазіргі қиындықты қалайда еңсеретінімізге сенім береді.

Сондай-президент жолдауында халықтың әл-ауқатын көтеруге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағыталған нақты іс-қимыл жоспарын да атап өтті. Білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамытуға көңіл бөлінетіні айтылды.

Президенттің жолдауын әлеуметтік желі қолданушылары талқылап, көбі жылы лебіздері мен сенімін білдіріп жатыр. Бұл сындары кезеңнен бірге шығыуға деген елдің талпынысы еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тұралған экономикадан елдің еңсесін көтерді.  Мемлекеттің ірге тасын бекемдеуге стратегиялық шешімдер қабылдады. Уақыт талабына сай өткен жылы мерзімінен бұрын президенттік өкілеттілгінен бас тартып, ел тізгінін өзінен кейінгі буынға берді. Өзге елдерде ұзақ жылдар бойы бір президенттің ел басқаруының соңы түрлі қайшылықтарға алып келсе, біздің елде билік транзиты бейбіт түрде өтті. Қазақстандағы билік транзитын дәл уағында өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігін түсінушілердің саны күн сайын артуда. Қазіргі Белоруссиядағы жағдай бұл шешімнің дәл уағында жасалғаны тағы бір дәлелдегендей.

Әрине ел болған соң аласы да, құласы да болды. Елдегі билік ауысу барысында өз мүддесін тықпаламақ болған түрлі күштер де, ел жағдайын дұрыс бағамдай алмаған азаматтардың кереғар пікірлері де, халықтың жағдайын, мемлекеттік әл ауқатын арттыруға бағытталған пікір білдірішілер де болды. Осы сан алуан пікір иелерінің басын Президент өткен жылы Ұлттық сенім кеңесінде қосқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы жолдауында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін бергенін, соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті. Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру, Сондай-ақ, ұлт сапасын арттыруға атсалысу екенін атап өтті.

 «Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек. Біз бір орында тұрған жоқпыз. Саяси жүйемізді жаңа жағдайға бейімдеп, оны біртіндеп жетілдіріп келеміз. Саяси реформалар қоғамымызға қажет, сондықтан олар міндетті түрде өз жалғасын табады. Демократияның басты жауы – білімсіздік пен популизм. Осыны естен шығармаған жөн. Азаматтарымыз реформаларға қолдау білдіреді деп сенемін. Олар жаңа саяси мүмкіндіктердің арқасында қоғамда «хайпократияның» белең алуына жол бермейді деп үміттенемін», - деп президент барлық реформалардың, өзгерістердің табысты жүзеге асуы баршамыздың бірлігімізге, отаншылдығымызға және азаматтық жауапкершілігімізге байланысты екенін ескертті.

Президенттің сайлау алды бағдарламасының, жолдауларының да, біздің арман-мұратымыздың да орындалуы осы елдің берке бірлігі мен азаматтардың білімге деген құлшынышына байланысты. Қазіргі түрлі сын-қатарге төтеп беріп, еліміздің көркейіп-гүлденгенін көру популизммен емес, нақты іспен жүзеге асады. Президенттің айтқаны да осы. Өткен жылы Президент сайлауы кезінде «Ұлт көшбасшысы және билік транзиты», «Сайлау мәдениеті және демократия баспалдағы» деген мақалалар жазған едік. Сондағы айтылған ой-тұжырымдарымыз нақты жүзеге асып жатқаныны бұл жолдаудан да көрніс табады. Президент жолдауына үндеседі. Мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілікті сезініп, жүйелі стратегиялық бағыттарын айқындаған ел прзеидентімен бірге  барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз.

unnamed.jpg

 

Омарәлі ӘДІЛБЕКҰЛЫ

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Жоғарыда айтылған өткен жылғы 2 мақаламның толық нұқасын келесі сілтемелер бойынша оқи аласыздар:  

1.      Ұлт көшбасшысы және билік транзиты

2.      Сайлау мәдениеті және демократия баспалдағы»


Пікір жазу
  • ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні
    Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын қалай кеңейеміз?