Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға бағытталған ғылыми-лингвистикалық база құруылады

Уақыты: 2021-02-19 Көрлімі: 827 Сипаттама

Қазақстан азаматтарының аты-жөндерін латын негізді әліпбимен жазылу ережелері әзірле...

 210218195527912a3754948i.jpg

Қазақстан азаматтарының аты-жөндерін латын негізді әліпбимен жазылу ережелері әзірленеді. Бұл туралы Мәдениет вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Қазақстан Республикасы азаматтарының аты-жөндерін латын негізді әліпбимен жазылу ережелері әзірленбек. Одан бөлек ел аумағындағы географиялық объектілердің және олардың құрамдас бөліктерінің атауын латын графикасы негізінде стандартталады. Сондай-ақ, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға бағытталған ғылыми-лингвистикалық базасын құру көзделген», - деді вице-министр.

Оның айтуынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына» өзгерістер енгізілген. Ол бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ғимараттарда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда орналастыру мүмкіндігін алды.


Пікір жазу
  • Коронавируспен ауырғандар иммунитетін көтеруі үшін не істеуі керек
    «Туған елге мың алғыс!» жалпыхалықтық эстафетасы басталды

    Ұқсас тақырыптар