Эпидемиолог алматылықтарды омикрон штамы келгенге дейін вакцина алуға шақырды

Уақыты: 2021-12-29 Көрлімі: 57 Сипаттама

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндеті...

211103230421590e.jpg

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында алматылықтарды «Омикрон» штамы келгенге дейін вакцина алуға шақырды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Эпидемиолог Жаңа жыл мерекесі қарсаңында коронавирус инфекциясының таралу қаупі артатынын айтты.

Сонымен қатар, ол КВИ-дің басқа нұсқаларына қарағанда жаңа «Омикрон» штамы бірнеше есе тез таралатынын еске салды.

«Тек 3 желтоқсаннан бастап Алматыға «Омикрон» штамы тіркелген елдерден, атап айтқанда Аустралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Египет, Израиль, Италия, Канада, Нидерланд, Чехиядан 3 678 авиажолаушы келді. Олардың қолдарында ПТР талдауының теріс нәтижелері болды. Әзірге жаңа мутация табылған жоқ»,- деді ол.

Сонымен қатар, ол қала тұрғындары санитарлық нормаларды сақтау мәселелеріне жауапкершілікпен қарау керек екенін баса айтты.

«Жаңа жылда демалыс кезінде елден кетпеу, бұл күндерді отбасыңызбен өткізген дұрыс, жабық үй-жайларға, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту, бетперде кию ұсынылады», - дейді Сәдуақас Байғабылов.

Ол мегаполис тұрғындарын вакцинация пункттеріне келіп, «Омикрон» штамы пайда болған жағдайда ағзаны қорғай алатын коронавирус вакцинасын салдыруға шақырды.

Оның айтуынша, Алматыда коронавирусқа қарсы вакциналар індеттің жаңа нұсқасынан да қорғайды.

Санитарлық дәрігерлердің эпидемиологиялық тәжірибесі көрсеткендей, вакциналанған адамдар мүлдем ауырмайды немесе инфекцияны жеңіл түрмен ауырады.


Автор Алма Мұқанова


Пікір жазу
  • 2022 жылы Қазақстанда пәтер бағасы қалай өзгереді?
    Маңғыстауда газ құны литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендейтін болды

    Ұқсас тақырыптар