Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі өтті

Уақыты: 2019-06-12 Көрлімі: 662 Сипаттама

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан жаңадан сайланған Қазақстан Президенті...

Capture.JPG

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау  рәсімі өтіп, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант берді.

Ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді.  Заңға сәйкес, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берді.

 Осы сәттен бастап Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды.

Jebeu.kz




Пікір жазу
  • Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтандағы митингілердің видеосын таратты
    Қанат Ислам қарсыласын 14 секундта нокаутқа жіберді