Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстфетасын Тоқаев екі министр мен Димашқа жолдады

Уақыты: 2019-07-09 Көрлімі: 1218 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өлеңдерінен үзінді оқыған 9 жастағы мектеп оқуш...

Снимок.JPG

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өлеңдерінен үзінді оқыған 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

"Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жолдаған екен. Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді. Сондай ақ, Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады", деп жазды Б. Уәли.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қанат Ислам қарсыласын 14 секундта нокаутқа жіберді
    Татарстанның бас телеарнасы да Абай өлеңдерін оқыды