“Қ.Тоқаев өте маңызды, тарихи-саяси қадам жасады”

Уақыты: 2019-07-18 Көрлімі: 400 Сипаттама

Кеше ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің жанындағ...

67174406_1085541931635468_2356293451714134016_n.jpg

Кеше ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ президент Twitter парақшасына Ұлттық кеңес елімізді жаңғырту ісіне елеулі үлес қосады деген пікірін жазды.

«Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Ұлттық кеңес мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері елімізді жаңғырту ісіне елеулі үлес қосады деп сенемін. Бұл – өте маңызды міндет”, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

67301293_1085542064968788_1313263826451300352_n.jpg

Президент сенім артқан Ұлттық сенім кеңесінің құрамына саясаттанушы, тарихшы Берік Әбдіғалиұлы, Кинорежиссер Ермек Тұрсынов, экономист Ораз Жандосов,  саясаттанушы, сарапшылар Айдос Сарым, Расұл Жұмалы, Ерлан Саиров, Нұрбек Саясат, журналист Дәрен Қуат қатарлы ұлт пен мемлекеттің мүддесіне табанды қызмет атқарып келе жатқан, елдегі және әлемдегі кез-келген мәселені жан-жақты талдай алатын, білімді де тәжірибелі азаматтар да, белгілі бір тақырып пен көзқарастың, аймақ пен аумақтың болмаса әлеуметтік желідегі белсенділігі негізінде өзіндік қолдаушыларын қалыптастырған азаматтар да бар. Сондай-ақ, «Ақ жол», «Ауыл»,  Қазақстан коммунистер халық партиясы қатарлы партиялар  және қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өкілдері кірген.

Ұлттық сенім кеңестің құрамы туралы хатшысы, ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Карин «Қазір бізде ситуциялық лидерлер көп. Ал біз тұрақты түрде елмен жұмыс істеп жүрген адамдарды тартуға тырыстық. Сонымен қатар оның өз саласындағы біліктілігі де ескерілді. Тек «күйіп тұрға тақырыптармен» ғана шұғылданбай, өз мақсаты мен міндетін айқын атқаратын адамдарды топтастыруға тырыстық», - деп пікір білдіріпті.



67430016_1085542018302126_2978862653625073664_n.jpg


Деседе, бұл кеңестің құрамында  Ерлан Карин мырза айтқандай елмен тұрақты жұмыс істеп келе жатқан білікті азаматтар ғана емес,  ситуациялық лидерлер де жоқ емес. Елімізде әр түрлі аудитория, түрлі көзқарастарғы қоғам өкілдері бар. Соған лайық Ұлттық сенім кеңесі түрлі көзқарстар мен әртүрлі деңгейдегі азаматтарды бір ортаға тоғыстырыпты. Бұл қоғамның түрлі санатындағы азаматтарды тыңдай отырып, қазіргі қоғамдағы түйткілікті мәселелерді бірге шешуге деген талпыныстан туса керек.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кірген азаматтар билік пен қоғам арасына диялог орнатуға дайынбыз деген пікірлерін білдіруде. Белгілі саясаттанаушы ҚР президенті жанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров Ұлттық кеңестің құрылуын қажетті, уақтылы, өзекті мәселе деп бағалап, кеңесінің маңыздылығына тоқталды.  



67089074_1085542088302119_1733239940700962816_n.jpg

«Кеше ғана өкімтпен бетпе-бет ашық сөйлесіп, халықтың ойында жүрген мәселелерді шешуге нақты тапсырма берген Қ.Тоқаев бүгін өте маңызды, тарихи-саяси қадам жасады. Саяси реформалар бағдарламасы - бұл уақыт сыны. Қазақстан дамуының заңды белесі. Сол кезеңге де келіп жеттік. Саяси мәдениетінің деңгейі, сосын «демократиямыздың сапасы» арасында тікелей байланыс бар. Біз қазір саяси жүйемізді модернизациялаудың қазақстандық жолын қалыптастырдың жолын бастауға зор мүмкіншілік бар. Осыдан барып Ұлттық қоғамдық келісім кеңесінің маңыздылығы шығады. Менің ойымша, Кеңесте жаңа есімдер, қоғамдық мәселені көтеруде өзінің үлесін қосып жүрген азаматтар бар. Жүк ауыр, жол күрделі. Осы ауыр жүкті арқалап, жолды бірге жүруге жазсын. Нағыз халықтық плюрализм принциптеріне сәйкес келетін, ұлттық бірегейлік пен ықпалдасуға шамасы бар ұлт пен мемлекет жасаудың негізгі принциптері осы Кеңесте жасалса өте орынды болар еді», -деп жазды фейзбуктегі парақшасында.

67657241_1085541991635462_3742546330350780416_n.jpg


Ұлттық кеңестің тағы бір мүшесі Мұрат Әбенов  орталық коммуникациялар орталығында өткен брфинг барысында Ұлттық қоғамдық кеңестің жұмысы саяси мәселелермен ғана шектелмеу керек деген пікірін білдірді. «Көп азаматтар мәселелерін қайда айтарын білмей, әлеуметтік желімен шектеліп жүрген еді. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімсіздігін мемлекет басшысы да сынады. Көбінесе бағдарламаларды талқылау жабық түрде, министрлік жанында ғана өтеді. Сондықтан, оған қатысты сын әлеуметтік желі деңейінде ғана қалып келді. Қоғамдық кеңестердің жұмысында бұл қарастырылғанымен, олардың министрлік жанынан құрылғанын ұмытпау керек. Бұл кеңес тек мәселелерді талқылап қана қоймай, елдегі пікірталасты талдайтын болады», - деді ол.

Бұл тақырыпты әлеуметтік желі қолданушылары да талқылап жатыр. Қоғамдық кеңестен үлкен үміт күтетіндер де, сын-пікірін айтып жатқандары да бар. Кейбір желі қолданушылары Ұлттық кеңестің құрамына жастар мен Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың кірмегенін жазды. Президент қол қойған ұлттық Кеңес туралы ережеде «Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі өткізілмейді», - деген тармақ бар. Осы жөнінде бір жылда үш-ақ рет бас қосып, қандай өзекті мәселені шешеді деген пікірлер де жоқ емес.

67277221_1085541951635466_1243569568232767488_n.jpg

Ұлттық кеңестің ережесі мен құрамы бекітілді.  «Ұлттық кеңесте талқыланатын мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері мен Ұлттық кеңестің отырыстарында қабылданған шешімдер жұртшылықтың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі, сондай-ақ Интернет желісінде орналастырылады», - делінген ережеде. Алғашқы жиналысы келесі айда болатыны хабарланды. Билік пен қоғам арасында диaлог орнатып, елдегі өзекті мәселелрді шешуге ниеттелген бір жоба осылай басталды. Қазіргі кезде үміт те, күдік те айтылуда. Нәтижесін алдағы уақытта көреміз.

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Ұлттық кеңес туралы Жарлық шықты
    ҚР Үкіметінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді