ҚР Үкіметінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді

Уақыты: 2019-07-23 Көрлімі: 233 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Прези...

0001.jpg

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырыста берген тапсырмалары мен міндеттерін орындау жөніндегі іс-шаралар қаралды.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары Ж. Қасымбек пен Г. Әбдіқалықова, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша баяндама жасады.

«Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын және жалпы экономиканы жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді», — деп ҚР Премьер-Министрі, Үкіметтің қазіргі және алдағы басты міндеті – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және жаңа инвестициялар тарту екенін атап өтті.

Барлық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен әкімдіктер инвестицияларды тарту бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізулері тиіс. Осы жұмысты бақылау үшін әрбір мемлекеттік органға, холдингке және әкімдікке өзекті тиімділік көрсеткіштері белгіленеді.

ҚР Үкіметінің басшысы жаңа тиімді жұмыс орындарын құрып, экономиканың басымдықты секторларында өндірісті әртараптандырудың, озық технологияларды енгізіп, экспортты кеңейтудің қажеттігін атап өтті. 

«Әлеуметтік саланы дамыту мақсатында бірқатар нақты шаралар қолға алынады. Соның ішінде, мұқтаж адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетудің нақты және ашық рәсімдері белгіленеді, әлеуметтік қолдаудың кепілді көлемін көрсетудің бірыңғай тәсілдері жасалады», — деді ҚР Премьер-Министрі.  

Білім беру саласында білім мен ғылымды толық қаржыландыруды қамтамасыз етудің іс-қимыл жоспары әзірленеді, мектепте және кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі реформалау жұмысы жалғасады.  

«Бюджетті қалыптастыруға халықтың қатысуын қамтамасыз ету үшін пилоттық режимде "халықтық бюджет" жобасы енгізіледі», — деді А. Мамин.

Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспары бекітілді.

«Іс-шаралар жоспары толығымен және сапалы орындалуы тиіс», — деп ҚР Премьер-Министрі, Үкіметтің Жобалық офисі Мемлекет басшысының тапсырмалары мен сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысына бақылау жүргізудің негізгі  құралына айналатынын айтты. 

Дереккөз: primeminister.kz

Пікір жазу
  • “Қ.Тоқаев өте маңызды, тарихи-саяси қадам жасады”
    Бейжіңде өзге ұлт студенттері арасында қазақ тілінен байқау өтті