Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласында жаңа ХҚО ашылады

Уақыты: 2019-08-13 Көрлімі: 229 Сипаттама

Елімізде үш мегаполисте жаңа халыққа қызмет көрсететін орталықтар ашылады, деп «Азама...

64717927_135974297595453_4212769559054123008_n.jpg

Елімізде үш мегаполисте жаңа халыққа қызмет көрсететін орталықтар ашылады, деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева  Facebook-тегі парақшасында жазды. 

"Таяуда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезінде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін жаңа ХҚО-ларды, әсіресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында біз қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды үйретіп жатырмыз, соның есебінен уақыт өте ХҚО-ға келетін халықтың саны азаяды деп ойлаймыз" деп жазды ол.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Мегаполистердегі халықтың өсуі жедел шаралардың қабылдануын талап еткенін айтты. 

 "Жарты жылдың өзінде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн қызмет көрсетілген.
- Тамыз айының соңына дейін біз астанамыз бен Алматыда қосымша бір-бір халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашамыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы ХҚО бір айлық үзілістен кейін қайтадан өз қызметін жандандырды. 
ІІМ реформасы бойынша елімізде полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімшелері жабылып, автоХҚО жүктемесі артты, қызмет алушылардың көптігі әсіресе Алматы қаласында байқалды. Білетіндеріңіздей, Алматы қаласында ең үлкен автобазар орналасқан, себебі жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көліктерін сатып, жаңасын алып, тіркеу рәсімдерін де сонда жасатады. Жарты жыл ішінде Қазақстанда көлік секторы бойынша көрсетілген қызмет саны 1,5 млн жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесілі. 
- Осы факторларды және халық өтініштерін ескере келе, біз өзіміздің ішкі резервтеріміздің есебінен Алматыда алтыншы мамандандырылған ХҚО-ны ашуды шештік.
- Алматы автоХҚО-ларының жүктемесін азайту мақсатында қыркүйектің соңына дейін шаһарға жақын жатқан Алматы облысына тиесілі Талғар мен Қарасай аудандарында мамандандырылған ХҚО-лар іске қосылады. 
Тағы бір мамандандырылған ХҚО Шымкентте де ашылады. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсетеді" деді  Әсемгүл Балташева.
Атырау мен Түркістан тұрғындарына айтар тағы бір жағымды жаңалығы барын айтты.

 "Қазір біз қызмет алушылар үшін ыңғайлы болатын, аумағы кең ғимараттарда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Онда қалалық фронт-офистер орналасатын болады. Қараша айында облыс орталығының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді жаңа ХҚО-дан алатын болады",- деді ол.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Жоғарғы палатадағы – жаңа есімдер: Жаңа сенаторлар жайлы не білеміз
    Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 24,5 миллион адамға жетеді