Пандемия кезіндегі қашықтықтан оқыту үрдісі

Уақыты: 2020-05-05 Көрлімі: 107 Сипаттама

Қазіргі таңда әлем елдерін әбігерге түсірген пандемия жарияланған бастап, әрбір ел ко...


Безымянный.jpg 

Қазіргі таңда әлем елдерін әбігерге түсірген пандемия жарияланған бастап, әрбір ел коронавируспен жергілікті деңгейде ғана күреспей, аурудың ары қарай таралмауына да күш салуда. Осыған орай еліміздің мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Соған байланысты Қазақстандағы жоғары оқу орындары, колледждер және орта білім беретін мекемелер қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Осы орайда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і де оқу үрдісін толығымен қашықтықтан оқыту форматына ауыстырып, оқу процесін жоғары деңгейде ұйымдастыра білді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессор-оқытушылар құрамы 16 наурызыдан бастап барлық дәрістерді, семинарлар мен зертханалық сабақтарды «MOODLE» (dl.kaznu.kz) қашықтықтан оқыту және «Универ» (univer.kaznu.kz) қашықтықтан білім беру технологиялары (ҚБТ) арқылы оқытуды жалғастыруда. Бұл жүйелерге барлық оқытушылар мен білім алушылар тіркелген. Сонымен қатар қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін бірнеше платформалар қолданылды. Атап өтетін болсақ: ZOOM, Skype, You Tube Live, Microsoft Teams, Google Meet, moocs.kz., Cisco WebEX және т.б. Сондай-ақ әлемдегі ең үлкен онлайн-білім беру платформасы болып табылатын Coursera компаниясы осындай пандемия уақытында әлемнің университеттеріне көмектесуге арналған жаңа қызмет Coursera for Campus жобасын іске қосты. Айта кететін жайт Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і де осы жобаның қатысушысы. Қашықтықтан оқыту барысында Coursera for Campus жобасындағы өз пәндерімізбен байланысты көптеген  онлайн курстарды семинар және зертханалық сабақтарда қолдандық.

Жоғарыда келтірілген платформалар арқылы күнделікті сабақ кестесі бойынша білім алушыларға оқу тапсырмалары дер кезінде беріліп, белгіленген уақытында қабылданып отырды. Оқыту механизіміндегі өзгерістер туралы барлық өзекті және қосымша ақпараттар оқу топтарының чаттарына жіберіліп тұрды.

Қазіргі таңда Биофизика және биомедицина кафедрасында 36-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы білім алушыларға қашықтықтан білім беруді жалғастыруда. Профессор-оқытушылар құрамы қашықтықтан оқыту үдерісін оқу жүктемесіне, оқу бағдарламасы мен сабақ кестесіне толықтай сәйкес жүргізуде. Кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамы қашықтықтан оқыту барысында барлық пәндер бойынша электронды оқу-әдістемелік құралдар (қажетті презентациялар, аудио, видео т.б.) мен жаппай ашық онлайн курстар (moocs.kz) платформасындағы дәрістерді пайдалануда. 

Кафедрамыздың студенттері, магистранттары және докторанттары әртүрлі қашықтықта отырғандарына қарамастан өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілікті сезініп, берілген тапсырмаларды уақытында орындай білді. Олар өздерінің білімдерін кеңейту үшін ізденуге, шығармашылықпен ойлануға, диалогқа түсе білуге, өз ойларын дәлелдеуде ақпарат ресурстарын дұрыс пайдаланып, білімді еркін меңгеріп, оны тәжірибеде қолдануға қабілеттіліктіліктерін көрсетіп отырды.

Дегенмен де білім алушылардың мекен-жайларына байланысты, кейбір ауылды аймақтарда интернет желісінің әлсіз болуына байланысты білім алушылармен кері байланысты орнату үшін жоғарыда айтылған платформалардың барлағын қолдануға тырыстық.

Қазақстанда COVID-19-дың таралуына байланысты қысқа мерзім ішінде қашықтықтан оқыту форматына көшуге тура келгендіктен кемшіліктер болмады емес, болды. Соған қарамастан оқытушылар мен білім алушылардың белсенділігінің нәтижесінде барлық кемшіліктер түзетіліп отырды.

Елімізде болып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарап, ең бастысы үйде болып, барлық сақтық шараларын сақтап, өзімізге-өзіміз бекем болайық.

 

Сайдахметова А.Қ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы


Пікір жазу
  • Дәриға Назарбаева қайда барады?
    Ұлттық банк: Валюта нарығы тұрақтала бастады