"СҰЛУБАЙДЫҢ ӘНІ" кітабының тұсау кесері өтті

Уақыты: 2019-04-22 Көрлімі: 1607 Сипаттама

22 сәуірі күні сағат 15.00-де Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ер-Жәнібек» қоғамдық қорының...

55CC0069-B8B3-49EC-B534-95F6EA4E37DA.png

22 сәуірі күні сағат 15.00-де Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ер-Жәнібек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Оспан батырдың 120-жылдық мерейтойы аясында көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш», Абай, Махамбет сыйлықтарының лауреаты Ғалым Жайлыбайдың «Сұлубайдың әні» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 

Аталмыш поэма қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде жарық көрген.

8C59D700-771F-4521-9B05-13256BA3C196.jpeg

«Сұлубай Сапұлы қытайдағы Оспан батыр бастаған ұлтазаттық көтеріліске қатысушы батырлардың бірі. Ол кісі тек батыр емес, ақын, композитор болған адам. Елге көп тараған “Сұлубайдың әні” деген ән бар. Қазір де біздің қандастрымыз түрлі жағдайды бастан кешіп жатыр. Сол кезде үн шығарып, осы поэманы жазуға тура келді. Поэма сегіз бөлімнен тұрады», - деді Ғалым Жайлыбай. 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Ілиястың жұрт біле бермейтін бүркеншік есімдері хақында...
    Өмірдің мәні жүректен жүрекке өтетін адамдық жолында...

    Ұқсас тақырыптар