«Бір белдеу, бір жол» жобасы және «Достық» ордені мен қандастар мәселесі

Уақыты: 2019-04-29 Көрлімі: 2387 Сипаттама

25-27 сәуір аралығында Бейжіңде Қытай үкіметі ұйымдастырған «Бір белдеу, бір жол» екінші...


05ea9777c751fff0e3d95dd59313abfc (1).jpg


25-27 сәуір аралығында Бейжіңде Қытай үкіметі ұйымдастырған «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық ынтымақтасытық форумы өтті. Форумға Қазақстанның бірінші президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «құрметті қонақ» ретінде шақырылып, форумының ашылу рәсіміде сөз сөйледі. Форумнан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының Халық жиналасы үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін тату көршілік қарым-қатынасты ілгерілетуге және жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан зор үлесі үшін  «Достық» орденімен марапаттады.

c00ee6fb74f6dd5904884c93bb13d130.jpg

Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы 2013 жылы Қытай басшысы Си Цзиньпинның Қазақстанға сапары кезінде байырғы Жібек жолы бойындағы елдердің көне Жібек жолын қайта жаңғыртып, «Жібек жолы экономикалық белдеуін» құруға шақырған баяндамасынан кейін жүзеге аса бастаған. Кешегі Ұлы Жібек жолының күре тамыры болған қазақ даласын бүгін де Азия мен Европаның арасындағы көпір етіп, экономика мен өркениеттің тоғысына айналдырмақ болған қазақ билігі «Бір белдеу, бір жол» идеиясын Қазасқтанның «Нұрлы жол» бағдарламасының толықтырушысы деп таныды. Қытай тарапынан бұл бастама басталғалы бұрынғы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдау танытты және екі ел арасында ортақ жобаларға қол қойды. Осы жолғы форумның ашылуында да «Әлем жұртшылығы қарама-қайшы геосаяси тұжырымдардан шаршағаны анық. Барған сайын геоэкономика мен бірлесе дамудың маңызы артып келеді. «Бір белдеу, бір жол» экономикалық ынтымақтастық үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерден де ауқымды әрі маңызды жоба. Бұл – әлемдегі 120-дан астам мемлекеттің қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, кеңінен сауда-саттық жасауға және өсіп-өркендеуге деген тарихи сұранысынан туындаған бастама»,-  деп жоба туралы өз тұжырымын айтты.

1528770552724375.jpeg

Екінші халықаралық «Бір белдеу, бір жол» форумына барған қазақтың бұрынғы президентін Қытай басшысы «Достық» орденімен марапттағанын жоғарыда айттық. Естеріңіз де болса, бұл орденнің алғашқысын өткен жылы ШЫҰ саммитына барған Ресей президенті Путинға берген еді. Екіншісі қазақ басшына берілді. Жақын жылдан бергі АҚШ-пен экономикалық теке тіресте тұрған Қытай ШЫҰ саммиты кезінде басшысын марапаттап Ресейді саяси серіктес ретінде көрсеткісі келсе, Қазақстанды экономикалық шығар жол ретінде таңдауға мүдделі бола түскенін білдірсе керек. Қытайдың Қазақ еліне мүдделі тұсын қытайтанушы ғалым Құрмет Қабылғазыұлы «Билік басына Трамп келгелі АҚШ Қытайдың өңірлік экспансиясы мен ғаламдық тәбетін тежеуге, әсіресе оңтүстік-шығыс мұхит алаңында мықтап кірісіп жатқаны бар. Демек, жобаның “теңіздегі Жібек жолы” қанаты кедергіге іліккен сайын, құрлықтағы “Жібек жолы белдеуі” қанатының маңызы арта түсетіні анық. Қытай билігінің аталмыш жобамен біздің “нұрлы жол” бағдарламасын қатар атап, екеуін өзара өбіскен жобалар деп әспеттеп, екі ел аралық экономика-бизнес әріптестіктерінде осы екі бағдарламаны қабыстыра өрбітуді жаны қалмай дәріптеуі бекер емес», - деп «Жаңа замандағы - Жібек жолы һам Қазақстан» деген мақаласында жазған еді.

1d871bc19d08cb8ebf120a0b78e3c00d.jpg

Елбасыны «Достық» орденімен марапаттаған Қытай басшысының « Бүгін біз Қытай халқының нағыз досы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының жоғары сыртқы марапаты – «Достық» орденін ресми табыс ету рәсімін өткізіп отырмыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл әлемде зор беделі бар. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің негізін қалап, осы қатынастарды әрдайым дамытып келеді. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрып, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске бастамашы болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзінің саяси көрегендігінің арқасында осы ұйымдарды дамытып, өңірлік және жаһандық деңгейде бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға зор үлес қосып келеді» деп Елбасымызға жасаған  құрмет мен құшаметінің артында да өз мүдделері жатқаны анық.

c54615d5fa8b62b08b01f4e224dbfdcf.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігінен бері Қытай елімен көршілік, бейбіт қарым-қатынасты ұстаған екі арасындағы дипломатиялық байланыстарға қосқан үлесі мен орны өзіміз үшін алып айтсақ та, екі ел арасындағы шекарамызды бекемдеугегі ролынан айқын көрінеді. Сонымен бірге «Бір белдеу, бір жол» бастамасының саясаттың сәйкестігі, жолдардың тұтасуы, сауданың дамуы, ақшаның айналымы, халықтар арасының жақындауы  деген 5 түрлі принципі бар дейді. Бұл жердегі өзге күдік пен күмәнді кейінге қалдыра тұрғанда, халықтар арасының жақындауы деген ұстанымдары мен Елбасымызға берліген «Достық» ордені Қытайдағы қазақ мәселесінің нүктесін қояр деген үмітімізді оятады. Өйткені, Былтырғы ШЫҰ саммитіне кезіндегі Елбасының Қытайға жасаған сапарының алды-артындағы ҚР Сыртқы істер министрлігі мен басқада тұлғалардың Қытай тарапымен жасаған келіссөздерінен кейін Қытайдағы қазақтардың жағдайы реттеле бастаған еді. Екі жылдан бергі «саясаи үйрену» орталықтарында қамалған қандастардың көбі босап, көптеген қандастардың төлқұжаттары қайтарылып беріп, елге келіп жатқаны белгілі. Бірақ, деседе әлі де «саяси үйрену» орталықтарында отырған қандастар бар, көптеген жерде қандастарымыз әлі қиндықтар көруде. Жергілікті үкімет тарапынан жиналып алынған паспорттарын әлі де алалмай жүрген қандастар да аз емес. Қазақстанға туысшылап болмаса көшіп келгісі келетін қандастарға көптеген жерде қолдан жасалған құжаттар кедергілер арқылы паспорттарын жасамауда. Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Қытайға сапары кезінде қандастарымыз «Қытай басшысымен Қытайдағы қазақтар мәселесін талқылайды» деп күткен еді. Ол кезде ашық ақпаратқа Елбасының Қытай басшысымен бұл мәселені талқылаған-талқылмағаны айтылмады. Артынан сол сапарда Елбасымен бірге болған, елбасының кездесулерінің хаттамасын дайындаған азаматтар жағынан Нұрсұлтан Әбішұлының қандастар мәселесін Қытай басшысымен бейресми кездесуде талқылағаны туралы ақпарат ел арасында айтылды. Міне осы жолы да «Достық» орденін сыйлаған Қытай басшысына ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қандастарының мәселесін тағы айтып, онда қазақтар мәселесінің түбегейлі шешім табуына мұрындық болады деген үміттеміз. Өйткені, Елбасы бірнеше жылдың алдынағы сұхбатында «шетелге шыққан әр сапарымда шетелдегі қандастардың жағдайын сұрап, біліп тұрамын» дегені әлі есімізде. Жоғарыда Қытай басшысының сөзі болсын, Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген «Достық» ордені болсын қазақ елінің Қытаймен тең дәрежеде дипломатиялық келіссөздер негізінде Қытайдағы қазақ мәселесін шешуге мүмкіндігі жетерлік екенін білдіреді. Ол мүмкіндікті қазақ билігі бұған дейін пайдалана білді. Әлі де Қытайдың елімізге мүдделі тұстарын негізге ала отырып, қалған мәселелердің шешім табуына ықпал жасайды деген ойдамын. Міне бұның өзі Қытайдағы қазақ мәселесін халықаралық ойыншылардың ойынына айналдырмай, екі ел арасында дипломатиялық жолмен шешу керек деген ұстанымның дұрыс екенін тағы бір дәлелдегендей. Әлде бір қазақ елін, қазақ билігін елемейтін, белгілі-белгісіз халықаралық ұйымдар мен шетелдік ақпарат құралдарын жарылқаушы көретіндер үшін Қазақ елінің қайта танып, қазақ билігінің Қытайдың ығына жығылушы елдердің бірі емес, қашанда Қытаймен стратегиялық әріптес ретінде  тең дәрежеде дипломатиялық ұстанымын білдіре ел екенін түсінер деп ойлаймын.

Қытайдағы қандастар мәселесін Қытайдың Қазақстандағы мүддесі арқылы шешуді, «Бір белдеу, бір жол» жобасын пайдалана отырып, қандастарымызды елге тартуды қазақ билігінің назарында болса деген тілектерін зиялы қауым өкілдері де білдіруде. Әл-Фарби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Әлібек Ыдырысұлы Бір белдеу, бір жол жобасы аясындағы мәдени шаралар мен дипломатиялық қарым-қатынастар негізінде Қытайдағы қазақтарды елге көшіру, жұмыс күші ретінде елге тарту шарттарын қоя алсақ, біздің ел үшін ең үлкен тимділігі сол болар еді деген ойын білдірді.

Без названия.jpg

«Бір белдеу, бір жол жобасының біз үшін пайдасы да жоқ емес, қауіпті тұстары да бар. Пайдасы еліміздің экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Сондай-ақ, Бір белдеу, бір жол аясындағы мәдени шаралар мен дипломатиялық байланыстар арасында Қытайдағы қандастарымызды елге әкелу, жұмыс күші ретінде тарту баптарын енгізе алса өте дұрыс болар еді. Ал зияндына тоқталсам, жыл сайынғы Қытайдың өз студенттеріне бермейтін стипендиясының арта түсуі алаңдатады. Екіншіден, бұл жобаны экономикалық жақтан тиімді пайдаланғымыз келеді. Бірақ, олар Бір белдеу, бір жол бойындағы елдерді гүлдендіру, дамыту деген мақсатпен зауыт, фабрикаларын әкелсе, өздерінің эколокиялық ортасы сияқты біздің де экологияны бұзуы және зауыттарымен бірге өз жұмысшыларын да көптеп әкелуі қаупі төнуі мүмкін. Сонымен қатар, еліміздегі кейбір кезінде Қытайдан ауып келген өзге ұлт өкілдерін де өз диаспоралары ретінде қолдап, осы жобаны негізгі экономикалық мүмкіндіктерді соларға беруі де мүмкін. Осы жақтарын ҚР үкіметі мен қауіпсіздік органдары бақылауға алса деймін»,- деді Әлібек Ыдырысұлы.

Қытайдың  125 ел мен 29 халықаралық ұйым түрлі деңгейдегі серіктестік келісімін алған бұл жобасы туралы әуелден түрлі күдік пен күмәнді көзқарастағылар да аз емес. Экологиялық заралдан тыс шағын дамушы елдерді экономикалық құрсауға алуы мүмкін деп Қытай қауіпін жүзеге асырушы жобаға жатқызатындар да бар.

55575739_550795385324224_3930511553970831360_n.jpg

Аталмыш жобаның негізі пайда болу себебін Құрмет Қабылғазыұлы «Бұл стратегияның қалтарысында Қытайдың көз алда дөп келіп отырған әмәли мәселелері де бар. Әлемдік дағдарыс басталғалы бері «әлемнің фабрикасы» атанған Қытайдың экспорты да айтарлықтай зардап шекті, экспорт көлемі азайды, сыртқа бағытталған зауыт-фабрикалар көптеп жабылды. Ішкі еңбеккүш құнының  өсуімен шетелдердің Қытайдағы өндірістері еңбек күші арзан үшінші елдерге көше бастады. Ішкі сұранысты арттыру арқылы нарықты құтқарғысы келген талпыныстар өндіріс қуатының артып қалуына ұрындырды. Осының бәрі сыртқы нарықты асып қалған өндірісті сыртқа жөткеу тәсілімен ашуға итермеледі, субьектив жақтан алғанда төмен деңгейлі өңдеуден осындай жолмен құтылу жолы қарастырылды. Ал мақсатты бағыт ретінде шикізат қоры мол, экономикасы мешеу, инфрақұрылымы кенже, өндіріс қуаты әлсіз Орта Азия, Орта шығыс, Түстік Азия, Шығыс Еуропа, Солтүстік Африка елдері назарға алынды. Демек, бұдан былай Қытай осы елдерге өзінің бастапқы әм төмен деңгейлі өндірісін таси бастауы мүмкін»,- деп түсіндірген еді.

Қытайдың зауыт, фабрикаларын көшіру деген де біздің еншіміздегі мәселе. Бірнеше жылдан бері Қытайдың 55 зауыты Қазақстанға көшірілетіні туралы ақпарат халық арасында күдік-күмән туғызып, қарсылыққа ұшырап келеді. Халықты алаңдатқан сол жобалардың бірнешеуі іске асқаны да белгіл болды. Ол туралы форум алдынағы ақпарат құралдарына сұхбат берген Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев айтты.

«Қос мемлекет арасында 55 түрлі жоба іске асып жатқаны белгілі. Еліміздің өңірлерінде көптеген зауыт бірлесіп салынды. Олардың қатарында Павлодар облысындағы полипропилен шағыратын зауыт, Түркістан облысындағы түйе мен биенің сүтін өңдеп, одан құрғақ ұнтақ жасап, шетелге сататын зауыт бар. Сондай-сондай түрлі жобалар бар. Біздің «Астана» халықаралық қаржы орталығына Қытайдың Шанхай қаласындағы қор биржасының кіруі - бұл да осы жобалардың бірі. Аталған жобалардың барлығы жаңадан салынған. Олар біздің Қазақстанның заңымен қадағаланады және біздің экологиялық талаптар мен жаңа технологиялар деңгейіне сай келеді. Жобалар аясында 20 мыңнан жұмыс орны ашылады. Жұмысшылардың барлығы - Қазақстан азаматтары. Әрине, бастапқыда зауытты салу және техниканы орналастыру барысында негізінен Қытай инженерлері болады. Ал жұмысшылардың барлығы – қазақстандықтар», деді Қазақстанның Қытайдағы елшісі.  

61f5bdca97cf35f9a67d8f07c7ac4de8.jpg

Елші аталмыш жобалардың бәрін қазақ елінің заң талаптарына сай болады деген пікірі мен бірлескен жобалардың жұмысшысы қазақстандықтар болады дегенді айтыпты. Міне бұл шарт пен талаптың орындалуы қағаз бен ауыз жүзінде болмай, заң жүрзінде атқарушылы билік жағынан қатаң сақталса дегейміз. Кез-келген экономикалық жоба да, достық та қазақ мемлекетінің мәңгілік мұратынан биік емес. Біздің экономикалық жақтан өскеніміз, көршілерімізбен болсын, ғаламшарымыздағы бізден алыс орналасқан елдермен болсын достық қарым-қатынаста болғанымыз дұрыс. Ең бастысы соның бәрі қазақ елінің қауіпсіздігі мен тұтастығына, тұрақтылығына еш заралын тигізбейтін болса болғаны. Ол үшін бізге не қауіптірек, күмәнді көрінсе, соны соғұрлым жақыннан танып, зерделей түсуіміз керек болар.

Сол үшін Қытайдағы қандастарымыздың мәселесі де әлі күн тәртібінде болып, ол елмен болған «Достық» орденге жеткен қарым-қатынасымыз да, көне Жібек жолын қайта жандандырамыз деген «Бір белдеу, бір жол» жобасы да әлі зерттеліп, жалғасын таба түсері анық. Оның бәрі өз еншіміз бен есемізді өзгеге бермес үшін жасала береді. «Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік. Білімге сенген заманда, қапыда қалып жүрмейік» деген бабалар аманаты жадымызда берік болса, бұл ғасырда да қандай бастама болсын өз есемізді бермесбіз. Ол үшін тағы да сенеріміз, ендігі басты қаруымыз білім екенін қайталайын.

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Елбасы: Қазақстан халқы әлемдік сарапшылардың деструктивті болжамдарын жоққа шығарды
    Андрей Чебаторев: Отандық және шетелдік сарапшыларды алдағы сайлаудың өту барысы қызықтырып отыр