M. Әшімбаев: Мәжілісі депуттарының сайлауы қоғам дамуындағы маңызды кезең болуы тиіс

Уақыты: 2020-10-21 Көрлімі: 41 Сипаттама

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының Мәжіліс депутат...

2018030204283056-640x360-1000x_.jpg

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының Мәжіліс депутаттарын кезекті сайлауды тағайындау туралы шешіміне қатысты әлеуметтік желіде пікірін жазды. 

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депуттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдады. Сайлау конституциялық мерзімге сәйкес өтеді. Жалпыхалықтық дауыс беру келесі жылдың 10 қаңтарында болады. Кезекті сайлауды тағайындау бұл мәселедегі айқынсыздықты болдырмайды. Ал сайлаудың өзі демократиялық жаңғыру тұрғысында қоғамымыздың одан ары кезең-кезеңімен дамуы аясындағы маңызды сатыға айналуы тиіс. Қазақстан Президенті өз үндеуінде жаңа сайлау науқаны басталғанға дейін саяси жаңғыру, көптариялықты дамыту және елдің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысуын кеңейту бойынша шаралар қабылданғанын атап өтті. Бұл парламенттік оппозиция институтын және партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квота енгізуге де қатысты. Тиісті заңды Парламент қабылдады. Ел Президенті атап өткендей, алдағы сайлау қолданыстағы заңнамаға сай өтетін болады», - деп Мәулен Әшімбаев фейзбук парақшасында.


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үнде
    Тоқаев: Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында диалог орната алатын институционалды құрылымға айналды

    Ұқсас тақырыптар