Тоқаев: Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында диалог орната алатын институционалды құрылымға айналды

Уақыты: 2020-10-22 Көрлімі: 983 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңестің төртінші отырысында еліміздің од...

201022120538446e.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңестің төртінші отырысында еліміздің одан ары қарқынды дамуы үшін жаңа тәсіл, тың серпін қажеттігін айтты.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғам өкілдері мен сарапшылардың жабық клубы емес. Бұл ұдайы жаңарып отыратын ашық диалог алаңы. Мұнда түрлі ұстаным мен көзқарас тұрғысынан сан алуан пікір айтылады. Ротацияның негізгі масқаты да осы. Ұлттық кеңесте бәтуаға келу қағидатымен өткір мәселелерге деген сындарлы көзқарас орныққан. Бұл – біздің қоғамдағы өзара пікір алмасу мәдениетінің айқын көрсеткіші әрі еліміздің тұрақты дамуының маңызды факторы. Індеттен туындаған дағдарыс пен әлемдегі күрделі ахуал кезінде еліміздің оданы ары қарқынды дамуы үшін жаңа тәсіл, тың серпін қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президенттің айтуынша, биылғы Жолдауда барлық мәселе ашық айтылып, оны шешудің нақты жолдары ұсынылған.

«Мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейту идеясы – Жолдаудың негізгі өзегінде тұрған мәселе. Жалпы мемлекеттік басқарудың жүйесін реформалау – өз алдына кең ауқымды міндет. Тіпті бұл барлық реформалардың қайнар көзі. Мемлекетті жаңғыртудың басты арқауы десек артық емес. Біз бұл реформаны мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта құру ісінен бастауды ұйғардық. Осы мақсатпен стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылды. Агенттік өз жұмысын бастап та кетті. Бірақ мына нәрсені дұрыс түсіну керек. Жаңа агенттік алға қойлыған міндеттерді шешуге арналған негізгі құрал», - деді ол.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелеріне алғыс білдірді. 

«Менің ойымша, бүгін айтылған ұсыныстар өзекті әрі маңызды болып шықты. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына бір жыл толды. Осы аралықта кеңес толық қалыптасты. Оның қажеттілігіне баршамыз көз жеткіздік. Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналды. Кеңес мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың жүзеге асырылуына күш салды. Осыған дейін өткізілшен үш отырыстың барлығы да пайдалы болғаны сөзсіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша Ұлттық кеңестің жұмысы шетелдік сарапшылардың қызығушылығын туғызуда.

«Пандемияға қарамастан кеңесте өзекті мәселелер тұрақты түрде талқыланып келеді. Оған министрлер де атсалысуда. Жалпы сіздердің арқаларыңызда бірнеше маңызды бастама жүзеге асырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік саясаттың түрлі салаларын реформалауға қатысты жаңа ұсыныстар әзірленуде. Осы тұста кеңестің барлық мүшелеріне, соның ішінде ротация бойынша мүшеліктен шыққан азаматтарға жемісті жұмыстары үшін алғыс айтамын», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат


Пікір жазу
  • M. Әшімбаев: Мәжілісі депуттарының сайлауы қоғам дамуындағы маңызды кезең болуы тиіс
    Қандастарды мемлекет бюджетіне артық салмақ деген көзқарасты өзгертетін уақыт жетті

    Ұқсас тақырыптар