Әлемнің қай қалаларында Абай ескерткіші бой көтереді

Уақыты: 2019-11-11 Көрлімі: 1454 Сипаттама

ҚР Сыртқы саясат ведомствосы Абай жылында Германия, Аустрия, Италия, Болгария, Ресей, Грузия, Үндістан, Латвия, Моңғолияның бас қалаларында қазақтың ұлы ақынының ескерткішін орнату мәселесін қолға алған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қыз...

b24fc64e6b2af76a016add3383cd9939.jpg

ҚР Сыртқы саясат ведомствосы Абай жылында Германия, Аустрия, Италия, Болгария, Ресей, Грузия, Үндістан, Латвия, Моңғолияның бас қалаларында қазақтың ұлы ақынының ескерткішін орнату мәселесін қолға алған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы ретте Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі 2006 жылы Мәскеу қаласында ашылған Абай ескерткішін заман талабына сай өзгертіп, жаңа үлгіде қайта жасап орнату туралы ұсыныс енгізуде. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігі шет елдерде Ұлы ақынның 8 ескерткішін орнатуға атсалысуын сұраймыз», - делінген министрлік ақпаратында.

Минисрліктің хабарламасында Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшілігінде «Абай орталығы» ашылатыны айтылған.

«Абай есімін АҚШ, БАӘ, Польша, Латвияда ұлықтау аясында сол елдердің пошта маркалары шығарылады. Қазақстанның АҚШ, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Мажарстан, Грекия, Пәкістандағы елшіліктері мен Иранның Горган қаласындағы Бас консулдығы ғимараттарында «Абай орталығы» ашылады. Қазақстанның ұлттық университеттерінің Армения, Италия, Болгария, Латвия, Индонезия, Мысыр, Иорданиядағы серіктес-жоғары оқу орындарында, кітапханалар мен басқа ғылыми-ағартушылық мекемелерінде «Абайды зерттеу орталықтары» да салтанатты түрде ашылады. Мұнан бөлек, 2020 жылғы 14-15 қазанда ЮНЕСКО Атқару кеңесінің 209-сессиясы аясында Париджегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Абайдың 175 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция, тақырыптық көрме және мерейтойлық гала-концерт өтеді.», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінде.

Министрліктің мәліметінше ТҮРКСОЙ жәна ИСЭСКО ұйымдарымен де ауқымды мәдени іс-шаралар жоспарланған. Сондай-Ақ, Абай Құнанбайұлының шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылады. Мұнан бөлек, Ресей Федерациясында қолданыс аясы кең 10 тілге Абайдың «Қара сөздері» мен өлеңдері атақты жазушылар мен аудармашылардың қатысуымен іждаһатпен аударылып, Ресей баспаларында басып шығару жоспарда.

«Елшіліктер М.Әуезовтың «Абай жолы» романын араб, түрік, грек, армян, моңғол, вьетнам тілдеріне аударуға атсалысуға дайын. Кембридж университетінің баспасында Британдық кеңеспен бірлесіп, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері кіретін жинақты ағылшын және қазақ тілдерінде басып шығарылады«, - деп атап өтеді ведомстводан.

Мұнан бөлек, еліміздің Сыртқы істер министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен және Ұлттық аударма бюросымен бірлесіп, шет тілдерде жарық көрген Абай шығармаларының тұсаукесерін Германия, Бельгия, Люксембург, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін халықаралық кітап көрмелерінде өткізбек.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Абайдың 175 жылдық мерейтойы елордада басталады
    Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО-ға мүше елдерді Абайдың 175 жылдық мерейтойына шақырды