Абзал Құспан: «Бір терезе» қағидасын қандастардың құжатын қабылдауға енгізу керек

Уақыты: 2018-09-11 Көрлімі: 1188 Сипаттама

10 қыркүйекте «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруында Алматы қала...

IMG_4386.JPG

10 қыркүйекте «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруында Алматы қаласында заңгер Абзал Құспан қандастармен кездесу өткізді. Кездесуге ҚР азаматтығын алу барысында кедергілерге жолыққан қандастар мен Қытайдағы туыстары қиындыққа ұшыраған ағайындар келді.  

"Максима" сауда орталығы жанында орналасқан "Тимучин" кафесінде өткен кездесуге заңгер Абзал Құспанмен бірге «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбек, режиссер Еркін Рақышев, белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы, заңгер Кәмшат Есмұхаметқызы және «Адырна» бірлестігінің мүшелері қандастар мәселесіндегі ең өзекті тақырыптарды талқылап, ұсыныстары мен қандастарға ақыл-кеңестерін айтып, шағымдарын қабылдады.

 IMG_4390.JPG

Заңгер Абзал Құспан: Қандастар мәселесі бойынша әлеуметтік желіде біраз жазбалар жаздық. Ақпарат құралдарында сұхбаттар бердік. Енді осы мәселелердің бір шешілу жолын тапқандай болдық. Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің, прокуратураның,  Көші-қон комитететіндегі жоғары лауазымды басшылардың шақыруымен қабылдауларында болдым. Олар маған «өздеріңіздің бір қоғамдық бірлестіктеріңіз болса, сол қоғамдық бірлестік арқылы мәселені ортаға қойсаңыздар деді. Бұл мәселелерді әр оралман әр жерде айтып, әр жерде жазғанмен шеше алмаймыз, сондықтанда орталықтандырылған түрде сіздер арқылы шешсек» деген ұсыныстар айтып жатыр. Сол үшін енді осы Адырна бірлестігімен жұмыс жасасам деп шештім. Бұған дейін де осы салада жұмыс жасап келе жатқан нақты қоғамдық ұйымдарды білеміз. Ондай қоғамдық бірлестіктердің көп болғаны жақсы. Бір Алматыға біреу емес, оны болса да артықтық етпейді. Бәсекелестік бар жерде әрқайсысы өзінің жұмыс нәтижесін көрсетеміз деп, оралмандарға жасаған нақты көмегін көрсетеміз деп дамушылық пайда болады. Ең бастысы қандастардың мәселесі шешіледі. Менің қазіргі жинаған ақпаратым бойынша 50 мыңдай қандастың құжат мәселесі дұрыс шешілмеген екен. Негізі мемлекет үшін 50 мың адамның құжат мәселесін шешіп беру ондай қиын шаруа емес. Тек ол мәселелерді билікке дұрыс жолмен жеткізе білуіміз керек. Мемлекет осы мәселелеріңізді шешеуге мүдделі ме, мүдделі емес пе дегенге келсек, қазіргі әлеуметтік желідегі хабарламаларды оқитын болсақ, газет-журналдағы, баспасөз конференциялалардағы жылап жатқан қандастардың зарын тыңдайтын болсақ, мемлекет бұларды тағдырдың тәлкегімен лақтырып кеткендей көрінеді. Енді өздеріңіз ойлаңыздар, мемлекет өз жұмысын қалай атқарады? Мемлекет ол салада нақты заң шығару арқылы өзінің саясатын айқындайды. Біріншіден, ерікті түрде Елбасының шешімімен оралмандарды қабылдады. Қандастар келгенен кейін көші-қон туралы заңға бірнеше өзгертулер енгізді. Оның барлығы қандастардың мәселесін жеңілдету үшін жасалды. Алдағы уақытта осы заңдардың олықылықтарын әлі түзеледі. Ең бастысы нақты мәселелерді сауатты түрде мемлекеттік органдардың алдына қоя білу. Астанадағы басшылықта отырған адамдар мәселелерді нақты шешкісі келеді. Тек жергілікті орындарда сыбайлас жемқорлық бар. Ал оны жоғарыдағы басшылар анықтайын десе, қандастармен тікелей байланыс жоқ. Қазір Адырна қоғамдық бірлестігіне нақты ұсыныспен келдім. Бірінші, Адырнға қоғамдық бірлестігі бір аптада не екі жұмада бір рет қандастарды қабылдау күнін бекітсек. Бір жолығы келмей қалған адамдар келесі жолы келеді. Екінші, қандастар жиі орналасқан жерде халықпен кездесу ұйымдастырсақ. Кездесу болатынын алдын ала хабарлап, халыққа жеткізіп тұрсақ деймін. Қандастардан жиналған арыздарды жинап-жинап сұрыптап, бір мәселе бойынша жиналған арыздарды біріктіріп, бір арыз ретінде қатысы  орынға жолдап отырғанымыз дұрыс. Ықтиярхат, оралман куәлігі мәселесі бойынша бір хат, қытайдағы қандастардың мәселесі бойынша бір хат деген сияқы жіктеп өткізуіміз керек. Қытайдағы қандастардың мәселесі де республикалық деңгейде жүйелі түрде көтерілуі керек. Нақты мәслелерді нақты дәлелдері арқылы қоғамдық ұйымның атынан сауатты түрде көтерсек шешімі болады. Мемлекет «келген ешбір қазақты кері қайтара алмаймыз, ондай абыройсыздыққа бара алмаймыз» дейді. Сосын осы кездесулерде нақты ұсынысымды қойдым. Бір терезе қағидасын қандастардың құжатын қабылдауға енгізу керек. Ол кісілер бұл жөнінде нақты ұсынысы болса қабылдаймыз дейді. Соныдқтан, Көші-қон комитетінің басшысына «бір терезе» қағидасын қандастардың құжатын қабылдауға енгізу керек деп ұсыныс жасайық. Бұл жерде «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің өкілдері отыр. Сіздер бұрынан келе жатырсыздар, қандастармен тікелей байланыстасыздар. Өздеріңізде бар мәліметтермен бөліссеңіздер. Мен үшін Жебеу, Адырнаның ешқайсысының айырмашылғы жоқ. Қазаққа пайдалы істер жасасақ болды. Сіздерге нақты ұсыныстарды алып келіп отырмын. Кімде қандай мәлімет бар, кімде қандай мәселе бар сол мәселелердің базасын жасақтауымыз керек. Сондықтан шын жаны ашитын ұйымдар мен азаматтар осы мәселелерге бірге атсалыссаңыздар.

IMG_4409.JPG

Жебеу Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбек: Біздің есебімізше Оралман куәлігінің уақыты өтіп кеткендердің саны 20 мыңнан асады. Өткенде осы мәселе бойынша ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігіне хат жазған болатынбыз. Енді осы мәселені тағы да қозғасақ. Сіз айтып отырсыз 2014 жылдан кейін 2017 жылғы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына дейін «көші-қон парағынан шығу» анықтамасын талап еткендіктен қытайдан келген бүкіл қандастар азаматтық аламай қалды. Олардың визасының уақыты, кейбірінің паспорттарының уақыты өтіп кетті. Қазір менің есебімде Қытай паспорынның уақыты өтіп кеткен 20-дан астам адам бар. Ал бұларды жергілікті орындар шекарадан шығарып жібереміз дейді. Егер олар  Қытайдың елшігіне барса қайта паспорт жасап бермейді, тек қытайға шығу визасын жасап береді. Қытайға барса қайта келе алмайды. Тіпті саяси үйрену орталығына, түрмеге кіріп кетуі де мүмкін.  Осындай адамдар ауылдарда өте көп. Осыларды енді не істеуге болады? Осыларға босқын мәртебесін беруге бола ма? Босқын мәртебесін берсе, бір екі жылдан кейін азаматтыққа өтуге болады. Осыған заңгер ретінде өз көмегіңізді берсеңіз.

IMG_4400.JPG

Заңгер Кәмшат Есмұхаметқызы: Екі апта да бір кездесуді облыс көлемінде жасап тұруды қолдаймын. Өткенде Шелек ауылына бардық. Сол жердегі көші-қон полициясына болдық. Біраз мәселенің бетін аштық. Оның халыққа өз пайдасы болды. Қазіргі кезде ең көп шағымдар Есік қаласынан, Ұзынаға ауылынан, Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан да түсіп жатыр. Сол мәселелер бойынша тосыннан барып кездесу өткізуді ұсынамын.

IMG_4398.JPG

Адырна білестігінің мүшесі Бердалы Оспан: «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлесті Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Отан оттан да ыстық» жобасы негізінде қандастар мәселесімен айналысып отырмыз. Бізде осы мәселелр үшін қандастар сайты ашылды. Қандастардың арыз-шағымын қабылдау, заңдық, құқықтық кеңес беру үші арнайы жедел желіні қосытық. Жиналыстарымызға келе алмай қалғандар жедел желі арқылы хабарласуына болады. Желедел желі нөмірі: 87788087708.

IMG_4414.JPG

Режиссер, Еркін Рақышев: Қазіргі кездегі жұмыстардың ең бастысы Қытаймен болуы керек. Дипломатиялық көздер арқылы қандастарға жасап жатқан қысымының екі елдің президенттері қол қойған достық келісімдерге қайшы екенін айтайық. Негізгі күшті Қытайға салуымыз керек. Қытайдың консулы бар, басқасы бар солармен жиі-жиі кездесіп, қандастардың мәселесін талқылағанымыз жөн. Бұл мәселелерді шешеу бойынша парламент деңгейінде көтеру керегін фейзбекте жазғанмын.

IMG_4405.JPG

«Отан оттан да ыстық» жобасының жетекшісі Құрметолла Мұхаметханұлы: Қазір бізде оралман куәлігінің уақыты өтіп кеткен, ықтиярхат, азаматтық алмай жүргендердің өтініштері бар. Бір жарым жылдан бері азаматтық аламай жүрген адамдар бар. Кейбіреуінің өздерінің, балаларының құжаттарының уақыты өтіп кеткен. Осыларды тек заң аясында біріктіріп біз болып, сіздер болып, мемлекет мүдделі болып бірлесіп жұмыс жасамасақ бірер адамның қолынан келетін шаруа емес. Міне енді Абзал ағамыз бұл жұмысқа араласып отыр. Біз ары қарай да шын пейілімізбен атсалысамыз. Мәселелеріңізді қатысты орындарға жеткіземіз. Біздің жиналыстарымызға, жұмыстарымызға бір ғана нәрсе кедергі. Жиналыстар болатыны туралы әлеуметтік желіде хабарлама таратсақ,  «олардықы өтірік, оларға бармаңдар» деп кері хабарлама таратындар бар. Өткенде Шелекке барғанда да солай болған. Бүгін осында келерде таппай жүрміз деп әдіріс сұрағандарға, келдіңіздер ме деп қайта хабарлассам, атын айтпаяқ қояйын тағы бір ұйымның басшысына хабарласқанын, олардың мұнда ештеңе шешілмейді, оларға емес бізге келіңдер дегенін айтты. Бұл туралы сөйлесуімізді жазып алғанмын. Қажет болса алдағы уақытта таратуыма болады. Міне біздің бірігіп жұмыс істеуімізге осындай нәрселер кедергі болып жатыр. Сондықтан, халыққа біздің ақпаратқа сеніңіздер дегім келеді. Біз мемлекетке тіркелген ұйымбыз. Артымызда әкімшілік тұр. Демек мемлекет сіздердің шаруаларыңызды шешуге мүдделі деген сөз. Сондықтан сіздер біздің ақпараттың шын екенін айтып, маңайларыңызға тарата жүріңіздер.

 IMG_4397.JPG

Кездесу соңында заңгер Абзал Құспан, Камша Есмұхаметқызы және Құрметолла Мұхаметханұлы бастаған Адырнаның мүшелері қандастардың арыз-шағымын жеке-жеке қабылдап, кеңестерін айтты. Айтылған ұсыныстар жұмыс жоспарына кірді. Абзал Құспан мырзаның ұсынысы бойынша келесі кездесу осы айдың аяғында Алматы облысы Есік қаласында болатын болды. Нақты уақытын алдағы уақытта Адырна қоғамдық бірлестігі жариялайды. Оралман куәлгі, паспортының уақыты өткен қандастардың мәселесін де Республикалық деңгейде көтеріп, шешу жолын қарастыратын болды.

IMG_4419.JPG

Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz


Павлодар облысы оңтүстік халқын шақырады
Қытайдағы қазақтардың жағдайы: үміт пен күдік, айтыс пен тартыс, кімге сеніп, кімге арқа сүйейміз?