«Тарихи отанына оралған қандастармыз мәселесі мен миграциялық саясат» туралы жұмыс тобы құрылды

Уақыты: 2019-03-30 Көрлімі: 1950 Сипаттама

29 наурызда Алматы қаласындағы Достық үйінде Тарихи Отанына оралған қандастар мәселес...


 1.JPG

29 наурызда Алматы қаласындағы Достық үйінде Тарихи Отанына оралған қандастар мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиналысқа Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесітің төрағасы Рахман Алшанов, Алматы қалалық  Мәслихатының депутаты Фарида Мерхамитқызы және Алматы қаласы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі торағасының орынбасары Ғабит Нұраділұлы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жианалыста Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Ғабит Нұраділұлы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жанынан «Тарихи Отанына оралған қандастарымыз мәселесі мен миграциялық саясат» туралы жұмыс тобы құрылып, Фарида Мерхамитқызы осы топқа жетекшілік ететінін хабарлады.

Фарида Мерхамитқызы жұмыс тобының мақсаты мен топ мүшелерін таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.  

«Еліміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан этникалық қазақтардың елге ерікті түрде оралуын ынталандыру саясатын жүргізуде. Осылай, 1991 жылдары бастау алған ұлы көш туған елдің топырағына, атажұртына деген сарғайған сағынышын арқалап, «елім», «қазағым» деп ағылуда. Оларды ұрпағым ұлттық тілмен сусындасын, ата-баба салты мен әдет-ғұрпынан нәр алсын, атажұрттың бір уыс топырағы бұйырсын деген тілек жетелейді. Ресми мәліметтер бойынша тәуелсіздік жылдарында 1 миллионнан аса қандастарымыз атажұртына оралған екен, бұл әрине, аз көрсеткіш емес. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауының арқасында көші-қон заңына талай мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, көші-қон заңын жетілдіріп, қомақты қаражат бөлінуде. Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылдың 16 наурызында Елбасымыз азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу үшін оралмандар мәртебесін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешімге қол қойды. Әйтседе, көші-қон мәселесі ауқымды жұмыс болғандықтан, қандастарымызға құжаттарды рәсімдеуде және әлеуметтік жұмыстарға араласуға, Қазақстандық ортаға бейімделуде көмек қажет. Осы мақсатта Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жанынан «Тарихи Отанына оралған қандастарымыз мәселесі мен миграциялық саясат» туралы жұмыс тобы құрылды. Жалпы жұмыс тобының негізгі мақсаты: Алматы қаласында тіркелмеген қандастар мәселесі, оралман куәлігін алуға  көмектесу, ҚР азаматтығын алуға жәрдемдесу, әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ету», - деді Фарида Мерхамитқызы.

 2.JPG

Аталмыш жұмыс тобы жетекшісінің таныстыруынша  кеңес мүшелері: Заң ғылымдарының кандитаты, доцент, ұзақ жылдар бойына көші-қон полициясында жұмыс істеген білікті маман Баймуханбетова Жамал Темержанқызы,  Көші –қон саласында жұмыс атқарған білікті маман Бөлешова Дина Жолдасқызы, Алматы қаласы полиция департаментінің Көші –қон қызмет басқармасының инспекторы Маханов Ернар, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы Рахым Айыпұлы,  «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Омарәлі Әділбек, Заңгер Адайбек Бейімбетов қатарлы азаматтардан құралыпты.

Сонымен қатар  Фарида Мерхамитқызының айтуынша қандастарымыздың арасындағы күрделі мәселерді шешу үшін ақылдастар кеңесі құрылып. осыған байланысты Қытайдан келген отандастарымыздың арасынан зиялы, беделді қоғам қайраткерлерінен:

 

1.       Нәбижан Мұхамедқанұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

2.       Алмас Ахметбекұлы Сақпаев, ақын, қоғам қайраткері

3.       Қайрат Құлмұхамед, ақын қоғам қайраткері

4.       Исламхат Сейтхамзаұлы, қоғам қайраткері

5.       Ахмеджан Қайбарұлы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері

Өзбекстаннан келген отандастарымыздан :

1. Абдуахат Қарсыбай , Халықаралық Қонаев атындағы қордың вице президенті.

2. Құтпағамбет Қонысбай «Жеті жұрт » газетінің редакторы

3. Иманғалиев Параxат Бданович

4. Қазиев Сабит

5. Матібаев Ыбырай Сираждинұлы

6. Нұрxожаев Сапарбай

7. Садешов Камал

8. Ендібаев Сабит

9.Муxамадияров Бекен

10.Утеев Абай Қылышбайұлы  қатарлы қоғам қайраткерлерінен құрам тауыпты.

          «Осы жұмысымызды Нұр Отан  партиясы Алматы қалалық филиалы қолдау көрсетуде. Сонымен қатар жұмыс тобымызға Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті, білім және денсаулық  депараменті, «Даму» қоры,  «Атамекен» КП, Алматы қаласы қоғадық келісім кеңесін және жоғары оқу орындарының  Заң факультетінде  оқитын студент жастарды жұмылдыруды көздеп отырмыз. Жұмыс тобының  атын «Отандастарға кеңес беру орталығы» деп атауды жөн көрдік. Біз күнделікті жұмысымызды қандастарымыз   көп шоғырланған жерлерден оның ішінде  базарлардан, елді мекендерден бастауды ұйғарып отырыз. Сол себепті ЕвроАзия базарынан жұмыс жасауға ыңғайлы  орын алып, дайындап қойдық. Жақын арада жұмысымызды бастаймыз. Ары қарай Алматы қаласының әр аудандарында жұмысымызды жүйелі, тиянақты және тегін жүргізетін боламыз», -  деді «Тарихи отанына оралған қандастармыз мәселесі мен миграциялық саясат туралы» жұмыс тобының жетекшісі  Фарида Мерхамитқызы.

Жиналысқа қатысқан азаматтар жұмыс тобының мүшелеріне сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Тарихшы Нәбижан Мұхаметханұлы, Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының бас хатшысы Рақым Айыпұлы, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы қазіргі қандастар арасындағеы өзекті мәселелерді айтып, шешу жолдарын қарастыруды ұсынды. Қазіргідей Қытайда қандастар қиындыққа ұшырап отырғанда, елге келген қандастардың азаматтық алуын жеңілдетуді сұрады. Атап айтар болсақ, Студенттерге ҚР азаматтығына өту үшін жоғарғы оқу орындары «Қолдау хат» бермей отырғанын, Қытайдағы жағдайға байланысты ҚР ықтиярхатымен жүрген қандастардың ықтиярхатын Қазақстан аумағында 183  күннен артық болмауына байланысты жарамысыз деп тану мәселесін, сондай-ақ Оралман куәлігінің өтіп кетуіне байланысты көптеген қандастардың ҚХР паспорттарының уақытының өтіп кеткенін, енді олар Қытайға барса қайта келе алмайтынын, осы мәселені де Қоғамдық кеңес араласып, Қытай консулдығының қандастардың Паспорттарын жасап беруіне ықпал етсе деген ұсыныстарын қойды. Сонымен бірге 2017 жылға дейін ҚР азаматтығын алған қандастар паспортын ҚР Көші-қон полициясына тапсыратынын, ал қазір бұрынғы азаматығындағы елдің елшілігіне жеке азаматтар өздері барып тапсыратынын, бұл қандастарға қиындық туғызып отырғанын айтып, қандастар бұрынғы елдің азаматтығынан жеке өздері барып емес, ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы шықса деген ұсыныстарын айтты. Бұл ұсыныстарды қолдаған Алмады қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов осы мәселелер мен ұсыныстарды «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің атынан Қоғамдық Кеңеске хат арқылы жолдауды, Қоғамдық кеңес қатысты орындарға жіберетінін айтып өтті.

Жиналысқа келген Алматы қаласы Полиция департаментінің Көші –қон қызмет басқармасының инспекторы Маханов Ернар Оралман Мәртебесінің уақыты өткен қандастар Әлеуметтік әл-ауқат басқармасынан оралман мәртебесін ұзартып келіп, ҚР азаматтығына құжаттарын өткізулеріне болатынын, 2018 жылғы Көші-қон полициясына түскен құжат бойынша Атамекеніне оралған қандастар үшін Қазақстан аумағында 183 күннен артық болмаса да ықтиярхаттары жарамды болып табылатынын ескертті. Сонымен бірге аталмыш жұмыс тобының құрылуы қандастардың құжаттану мәселесінде арадағы делдалдардың жолын кесетінін айтып өтті.

Жиналыс соңында жұмыс тобы ай сайын 1, 2 рет бас қосып, осылай қандастар мәселесі бойынша өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар бойынша нақты жұмыстарға кірісетін болып келісті.

Jebeu.kz

 

 

 

 

 

   

 

                             

 


Пікір жазу
  • Нұр-Сұлтанда «Қасиетті қазақ елі» халықаралық фестивалі өтеді
    БАҚ-тардағы бұрмалау мен бұрыс интерпретацияларға байланысты СІМ мәлімдемесі