2050 жылға қарай Қазақстан халқы 24 миллионға жетеді - БҰҰ болжамы

Уақыты: 2019-11-27 Көрлімі: 575 Сипаттама

БҰҰ Қазақстан халқының өсуі мен қартаюына қатысты болжам айтты, деп ҚазАқпаратқа сілте...

7fd25d2e5103e73dc21541b2856.jpg

БҰҰ Қазақстан халқының өсуі мен қартаюына қатысты болжам айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Жалпы демографиялық тенденция жағдайында мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты болдырмау үшін елде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы компонентін міндетті және ерікті түрде дамытудың маңызы зор. БҰҰ болжамдары бойынша, алдағы онжылдықтарда жер бетіндегі халық саны өседі: қазіргі 7,7 млрд адам 2030 жылы 8,5 млрд-қа, ал 2050 жылы 9,7 млрд-қа дейін артады. Болжам бойынша, Қазақстан халқының саны да өседі деп күтілуде: 2050 жылға қарай халық саны 24 миллион адамға жетеді», - делінген ақпаратта.

Биылғы жылға келер болсақ, 2019 жылдың басында Қазақстанда 18,4 млн адам өмір сүрді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда (18,2 млн адам) 1,3% -ға көп. Соңғы 10 жылда елдегі халықтың орташа өсімі жылына 1,5% құраған.

Халық санының өсуі әлемде де, Қазақстанда да егде жастағы адамдар санының тұрақты өсуімен қатар жүреді. Егер 2014 жылы 65 жастан асқан тұрғындар Қазақстан халқының 6,8% -ын құраса, 2018 жылдың соңында - 7,5%-ға жетті. Болжамға сәйкес, елде 65 жастан асқан егде жастағы адамдардың үлесі 2050 жылы қазіргі 7,5% -дан 14,1% -ға дейін екі есе артады.

Айта кету керек, БҰҰ-ның жас шкаласы бойынша Қазақстан Республикасының халқы қартайған болып саналады. Осы үрдістерге сәйкес Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы да артады деп күтілуде. Сонымен, 2014 жылы өмір сүру ұзақтығы 71,44 жас болса, 2018 жылдың соңында бұл көрсеткіш 73,15 жасқа дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығының едәуір артуы халықтың өмір сүру сапасының артуына байланысты.



Пікір жазу
  • «Атамекен» шет елдердегі этникалық қазақтар мен отандастарды қолдайтын болады
    Б. Сапарбаев: Америкада тұрасың ба, Қытайда тұрасың ба – жүрегің Қазақстан деп соғу керек