Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қандастарға үндеуі

Уақыты: 2020-04-08 Көрлімі: 1111 Сипаттама

Қадірменді қандастар!Біз, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, казіргідей сын сәттерд...

1B7AE52F-EE88-4FB1-9599-84BBEA7C00BA_cx0_cy13_cw0_w1023_r1_s.jpg

Қадірменді қандастар!

Біз, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, казіргідей сын сәттерде «әр қазақ менің жалғызым» деген ой жетегімен сіздердің әрбіреуіңіз үшін алаңдаулымыз. Әлемнің әр түкпірінде тұрып жатқан және елге көшіп келген қандастарымыз, өздеріңіздің және жақындарыңыздың індетке карсы қамдарыңызды тиісінше жасайды деп сенеміз. Сонымен қатар, жария етілген «үйден шықпау» тәртібіне бағына отырып, Елбасының халыққа үндеуі аясында, әрбір қаракөз қандасымыз, кәсіпкерлер мен кәсіби дәрігерлер өз үлесін қосарына үміттіміз.

Еліміз жаһандык денгейде тосыннан келген жұқпалы індеттің кесірінен аса ауыр кезеңді бастан өткеруде. Қазақстанның кез келген азаматына сәт сайын осы бір «аты жаман» індетті жұқтыру қаупі төніп тұр. Бұл індетті жұқтырған әрбір сырқат жандар үшін өлім мен өмірдің арпалысы, барлығымыз үшін елдік пен азаматтық сынға түсетін шешуші кезең.
Мың өліп, мың тірілген біздің xалқымыз Тәуелсіздіктің арқасында тұтас ғаламды шарпыған осы бір катерлі кезеңнен барынша аз шығын бере отырып, абыроймен аман шығатындығымызға сенімдіміз. Әйтсе де, бұл тек бірлік пен тәртіп аясында, тұтас ұлт болып ұйысқанда ғана мүмкін болады . Осындай сын сағатта алдыңғы шептен табылу "Елім, Отаным" дейтін әрбір қазақ баласы үшін парыз. Біз осы үндеуімізді жат елде туып, білім алып, тәжірибе топтап, бүгінде өздерінің Тәуелсіз отанына оралған әрбір ақ халатты абзал жандарға және кәсіпкерлерге арнаймыз. Сіздер сын сағатта немесе бейбіт күндерде де еліміздің болашағына өлшеусіз үлестеріңізді қосып келесіздер. Сіздердің ақыл - парасаттарыңыз, шетелдерде жүріп жинаған білім - тәжирбелеріңіз Тәуелсіз еліміздің қымбат қазынасы. Біз Сіздерді осы сын сағатта ерікті түрде жанымыздан табылуға шақырамыз.

Қандай жағдайда да қасымыздан табылып, қолдау көрсетіп келе жатқан қандастарға шексіз алғыс, табыс және денсаулық тілейміз!

Игі тілекпен, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағаның бірінші орынбасары: З. Қ. Тұрысбеков

Еріктілер үшін байланыс нөмірі:

8 701 752 1183 Қарлығаш Бекпатшақызы


Пікір жазу
  • Қытайдағы үздік тележүргізушілер қатарындағы қазақ қызы
    Қ. Тоқаев: Дәл осындай қиын-қыстау сәтте барлық мемлекеттер күш-жігерін жұмылдыруы тиіс