IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Түркияда 2021 жылы өтеді

Уақыты: 2020-05-15 Көрлімі: 1060 Сипаттама

Биыл Түркияда өтеді деп жоспарланған IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2021 жылға қалды....

a4905b3073925caaa2a8b14e3606b670.jpg

Биыл Түркияда өтеді деп жоспарланған IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2021 жылға қалды. Бұл туралы Қырғызстанның спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі хабарлады.

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2020 жылы күзде Түркияда өтуі керек еді. Коронавирус пандемиясы кезінде спортшылардың және жарысқа қатысатын адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында келесі жылға ауыстырды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2014 жылы Қырғызстан бастамасымен ұйымдастырылды. Спорт жарысы үш мәрте Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтті. 2018 жылы жарысты өткізу мәртебесі алғаш рет Түркияға тапсырылды.

Сол кезде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ойынды өткізу құқығы Түркияға тапсырылғанымен, авторлық Қырғызстанда қалатынын мәлімдеген.

Сурент concept.kg сайтынан алынды

Пікір жазу
  • «ҚАНДАСТАРДЫ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ҚАЖЕТ»
    Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті