З. Тұрысбеков: Қабдеш аға десе қазақтың көші көз алдымызға келетін еді...

Уақыты: 2021-04-05 Көрлімі: 553 Сипаттама

Қазақтың көрнекті қаламгері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауре...

169525402_297414225132476_8703096175171777099_n.jpg

Қазақтың көрнекті қаламгері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Қабдеш Жұмаділов бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына арнаған біртуар азамат.

Оның «Көкейкесті», «Соңғы көш», «Атамекен», «Тағдыр», «Дарабоз» романдары мен бірнеше көркем туындыларын қалың қазақ сүйіп оқыды. Ол әдебиеттегі тарихи образдарды шынайы бейнелеп қана қоймай, өзі де көркем дүниенің кейіпкеріндей қара қылды қақ жарған әділеттілікті ту етіп өмір сүрді.

Халқын қалтқысыз сүйіп, ұлт мұратын ұлықтау жолында қоғам қайраткері деңгейіне көтерілді. Әркезде Қабдеш аға десе қазақтың көші, қазақтың көші десе Қабдеш ағаның бейнесі көз алдымызда тұрды.

Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды.

Қабдеш Жұмаділовтің жарқын бейнесі мен ұлттық руханияттағы орны қалың қауымның жүрегінде мәңгі сақталатынына шүбә жоқ.

«Хош қазақтың қатепті қара нары, хош Қабдеш аға!» дейміз қабырғамыз сөгіліп тұрып.

Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын.

ДҚҚ Төрағасының бірінші орынбасары,

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі

Зауытбек Тұрысбеков


Пікір жазу
  • Тоқаев: Түркі өркениетін жаңғыртуды қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамыз
    Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды