Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті

Уақыты: 2023-02-08 Көрлімі: 638 Сипаттама

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті,...

Снимок.JPG

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға баратыны хабарланды.

Екінші топ құрамында 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептер бар.

Сондай-ақ қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанғаны хабарланды.


Фото: ҚазАқпарат

Пікір жазу
  • Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Түрік еліне қайырымдылық жасауға шақырады
    Киіз үй зілзала аймағына жетті

    Ұқсас тақырыптар