Биыл ОҚО-да 2707 этникалық қазақтарға оралман мәртебесі берілді. Республикада халқы тығыз өңірлерден халқы сирек орналасқан өңірлерге халықты қоныс аудару жұмыстары 2014 жылдан бері атқарылуда. 2017 жылы Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерімен меморандумдар түзіліп, 1 қазанына 686 мүшесі бар 163 отбасы қоныс аударған. Облысымыздан қоныс аударған азаматтар ауылшаруашылық жұмыстармен айналысуға жер беріліп, тұрақты жұмыс және тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация орталығында өткен жиында облыстық халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлім етті.
Басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылға жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 4983 бірлік квота бөлінген. Бөлінген квота негізінде 88 кәсіпорын мен ұйымдарда 3307 шетел азаматтарына рұқсат беріліп, 27246 Қазақстан Республикасы азаматтары жұмыс істеген. Сонымен бірге, 2017 жыл басынан бері 2786 шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және ұзартқаны үшін жергілікті бюджетке 1,4 млрд теңге алым түскен.
Дерккөз: ulykosh.kz