Шыңжаң-ұйғыр автономиясындағы қандастарымыздың мәселесі Қытай билігінің назарында екен. Ресми Бейжің тарапы бұл түйткілді шешу үшін барымызды саламыз деп отыр. Қазақстандағы Қытай елшісі бүгін осылай деді.
Ал, 1 ай бұрын біздің үкімет жолдаған нотаға қатысты ештеңе айтпады. Дипломаттың айтуынша, Шыңжаңдағы ахуалға байланысты Қытай билігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын көрінеді. Наурыздың басындағы жалпықытайлық сессияда да жақын көршілермен байланысты нығайтуға басымдық беріліпті.
Сондықтан, елші қысым көріп жатыр деген қандастарымыздың мәселесі шешімін табады деп сендіріп отыр.
ЧЖАН ХАНЬХУЭЙ, ҚХР Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
– Қытай үшін Қазақстан - дос, бауырлас мемлекет. Біз ешқашан Қазақстанның мүддесін, қазақ халқының ұлттық сезімін кемсітпейміз. Ынтымақтастық артқан сайын түйткілдердің де көбейе түсетіні белгілі. Ең бастысы оларды шешу. Сондықтан, бұл мәселені реттей алатынымызға сеніңіздер.
Дереккөз: informburo.31.kz