Бүгін, 19 наурыз күні Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Астанадғы Тәуелсіздік сарайында Наурыз мерекесін атап өтті. Меркелік шараға тәуелсізддіктен бері Отанымызға оралған қандастарымыз бен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Меркеге қатысушы қауымның алдында Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков өзі келгеннен бергі қауымдастықтың атқарған жұмыстарын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Онда 2017 жылғы Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы бесінші құрылтайында Елбасы тапсырған 7 тапсырманың біразы орындалып жатқандығы туралы айтып, тікелей Президент тапсырмасымен «Отандастар» қоры құрылып, бүгінде өз жұмысын жүргізіп жатқанын жеткізді.
Қауымдастықтың алға қойған мақсаттары толық орындалған жағдайда алдағы 5 жылдың ішінде елге келген қандастардың барлығы жұмыспен, баспанамен қамтамасыз етілетін айтқан Тұрысбек Зауытбек: «Әуелі өздеріңіз білетіндей «Мәңгілік ел» болу үшін халықтың санын көбейту керек. Сол себепті де елден жырақта жүрген 4-5 млн қазақты отанға әкелу керек. Біз Ресейді, Моңғолияны, Қытай мен Өзбекстанды аралап шықтық. Келгісі келіп отырған 1 млн-дай халық бар. Бірақ осы жерде тағы бір мәселе бар. Ол – осындағы халықтың өзінде баспана жетіспей жатыр. Үй-күйі жоқ. Сондықтан оларға әуелі баспана, сосын жұмыс орынын беруіміз керек. Біздің сондай есебіміз бар. Бес жылда елге келген жалпы бауырларымызды ң баспанасы мен жұмыс орнын шешуіміз керек. Бұл - Елбасымыздың тапсырмасы» - деп тоқталды.
Сонымен бірге Қауымдастықтың төрағасының орынбасары шетте жүрген қазақтардың ең басты мәселелерінің бірі ұлт ретінде тілден айырылып бара жатқанын да айтып өтті. «Қытайда болдық. Барлық жастар қытай тілінде сөйлейді, ақпаратты сол тілде алады. Ресейдегі жағдай да тура сондай. Барлығы орысша оқып жатыр. Сондықтан біз қазір бағдарлама жасап жатырмыз. Онда сол балаларға қазақ тілін қалай меңгерту керек, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді қалай үйретеміз деген мәселелер қаралған. Сол үшін біз қысқа да нұсқа 8-9 бейнеролик жасадық. Себебі қазіргі жастар ұзақ, бір сағатттық, екі сағаттық киноны көрмейді. Біз соны ескере отырып ұлттық рухымызға, таным-түсінігімізге қатысты дүниелерді 5 минутқа сидыруға тырыстық» - дейді Зауытбек Тұрысбеков.
Мерекелік шара аясында «Туған жерге тағзым» атты қолөнер шеберлерінің конкурысы өтті. Баба дәстүрді бүгінге жеткізіп, болашаққа аманат еткен сырмақ, кесте, тұскиіз сияқты 30-ға жуық бұйымдарын әкелген шеберлердің өнеріне Оразкүл Асанғазы, Меруеш Башай қатарлы танымал тұлғалар төрелік етті.
Бұл күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қаласындағы бөлімшесінде де Наурыз мерекесін атап өтті. Қауымдастықтың Алматы қаласындағы ғимаратында үлкен дастархан жайылып, әлемнің әр қиырынан келген қандастарға ән-күймен шашу шаштты.
Қос қалада Наурыз мерекесін дүбірлетіп өткізіп жатқан Қауымдастықтың төрағасының орынбасары осы жылы 21 наурызды «Отандастар күні» деп белгілегенін атап өтіп: «Мейрім адамның көзінде» дейді бабаларымыз, ал «ағайын араласпаса жат болады» дегенді айтқан да сол аталарымыз еді. Сол себепті сіздерге бір ұсыныс жасап отырмыз. Осы 21 наурызды «Отандастар күні» деп белгілеуді ұсынамын» - деді. Осыған негізделіп Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Үндеуі дайындалды. Онда осы күннің ерекшелігі, еліміздегі, тіпті алыс-жақын шет елдегі қандастардың барлығы да «Отандастар күні» деп атап өту ұсынылған.
Мерекелік шараның қортындысы сөзін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Бас xатшысы Раxым Айыпұлы сөйлеп, барша жиналған қауымға алғысын білдірді.
Jebeu.kz