Қытайда ұсталған 90 жастағы әже елге оралды

admin2 2018-06-03 8 ℃ Қысқаша

Қытайда ұсталған 90 жастағы ұлты қазақ әже Қазақстанға оралғаны. Бұл туралы ҚР Сыртқы іс...

34199255_10215906529953198_2611024092274360320_n.jpg

Қытайда ұсталған 90 жастағы ұлты қазақ әже Қазақстанға оралғаны. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов өзінің facebook парақшасында жариялады.

"Қытайда ұсталған 90 жастағы ұлты қазақ әже Қазақстанға оралып разишылығын бейнеүндеу арқылы білдірді

2018 жылы 2 маусымда Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен Қытай   Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасындағы уағдаластықтардың арқасында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында дүниеге келген 90 жастағы этникалық қазақ Қазақстанға қайта оралды.

2018 жылы 29 мамырда Бейжіңде көші-қон заңнаманы бұзғаны және ҚХР аумағында заңсыз болғаны үшін қарт әйел және оның ұлы ұсталған болатын. Кейіннен анықталғандай, ол және оның отбасы Қытайға 2017 жылы наурызда келіп, визада белгіленген мерзімді (30 күн) сақтамай, бір жылдан астам ел аумағында болған.

Елшіліктің қызметкерлері Қытай құқық қорғау органдарымен дереу хабарласты. Қазақстандықтарды ұстау себептері анықталғаннан кейін олардың Қазақстан мен Қытай елдерінің қос азаматтығы болғаны белгілі болды.

Қытайлық тарап пен Қазақстан Елшілігінің көмегі арқасында ұсталғандардың Қытай азаматтығынан айырылу туралы құжатты және оларды айыппұлсыз әрі уақытша ұстау изоляторына қамаусыз Қазақстанға депортациялау тез арада ресімделді," - деп жазды Әнуар Жайнақов.

Сонымен бірге ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы 90 жастағы Райхан апаның ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановқа жазған алғыс хаты менризашылығын білдірірген бейне үндеуін жариялады. Бейнеүндеуде (бейне үндеу дегенді басып видеоны көре аласыз) Елбасына бата беріп, ҚР Сыртқы істері мен Қазақстанның Қытайдағы Елшілігіне алғысын білдірген.


34181149_10215906462751518_9157190838546071552_n.jpg



Jebeu.kz

Абзал Құспан: Сайрагүл Қытайға қайтарылады деген қауіп жоқ (ВИДЕО)
Кері қайту