Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының 13 кезекті саммиті Қытайдың Qingdao қаласында шақырылғаны белгілі. Жиналысқа барып қатысатын елбасы сапарының дайындық шараларын пысықтауға, өткен айдың соңында сонда жеткен еліміздің инвестиция және даму минстрі Жеңіс Қасымбеков әріптесі, ҚХР сауда минстрі Zhongshanмен жалпы сапар барысының бүге-шігесінен тыс, екі ел арасында қол қоюға ұсынылатын инвестиция, өндіріс қуаты және экономикалық-сауда құжаттарының әзірлік жағдайымен танысты.
Іле-шала еліміздің жоғары сот төрағасы Жақып Асанов самиттің аясында өтпекші ШЫҰ жоғары сот басшыларының жиналысына қатысуға Qingdaoға жетті. Қытайдың жаңа технологияларды сот процесіне жарату, онлайн соттары сияқты тәжірибелері қызықтыратынын жеткізген Асановқа, әріптесі, ҚХР жоғары сот төрағасы Zhouqiang қауыпсіздік пен үдіріссіз даму сағасындағы өзара ынтымақтастықты ары қарай дамыту керектігін еске салды.
31 мамыр күні ШЫҰ тұңғыш реткі медиа форумына барған Қазақпарат басшысы Асқар Омаров Қытай Xinhua агенттігінің басшысы Chaimingzhao және мемлекеттік экономика порталының қожайыны Wangxudongмен кездесіп, “бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында тиісті саладағы ынтымақтастықты кеңейте түсу мен экономикалық ақпараттар одағын құру мүмкіндіктері жайлы пікірлесті.
30 мамыр ҚР-ның ҚХР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР СІМ көмекшісі, жақын күндері ғана ҚР-дағы бас елшіліктен босап қайтқан Zhanghanhui мырзамен кездесті. Әрине, екеуара ШЫҰ кезекті жиналысының жай-жапсары пысықталғаны анық. СІМ өкілдері Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың белсенді бағытын сақтап, жалпы беттік стратегиялық серіктестікті жаңа белеске көтеру үшін саяси жақтағы, сондай-ақ СІМ ара барыс-келісті мерзімді өткізіп тұруға уағдаласты.
Осы аралықта Xinhua агенттігіне жеке сұхбат берген елбасы Назарбаев 17 жылдық тарихы бар ШЫҰ-ның халықаралық қоғамның қалауына ие болып, ықпалды және көп салалы табысты ынтымақтастық алаңына айналып үлгергенін атап өтті. Назарбаев сондай-ақ ұйымның қауыпсіздік, экономика және гуманитарлық салалардағы ұтымды ынтымақтастық тетігі болып қалыптасқанын атап көрсетті.
Осы гуманитарлық дегеннен шығады, Қытайдың ондағы этникалық қазақтарға жасап жатқан қысымы жайлы аз қаузалып жүрген жоқ. Гуманитарлық тақырыптың мұнан маңызды түйткілі болмаса керек. Жиналыс қаттамасына енбесе де, шетелдегі қандастарының тағдырына бейжай қарай алмайтын Қазақстан жұртының елбасының осы мәселені әріптесі Си Цзиньпинның алдына ретін тауып қойса екен деген тілегі мен қояды дейтін сенімі бар. Чиндау саммитін халық хош хабармен сүйіншіленіп, жырғап қалатын “жырғау саммиті” болса екен деп ырымдап отырғанымыз да содан.
Құрмет Қабылқазы
Jebeu.kz