«Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтті

admin2 2018-04-02 37 ℃ Қысқаша

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың...

1.jpg

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 29-30 наурыз күндері еліміздегі жоғары оқу орындары арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтті

Олимпиада еліміздегі «Шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету, сонымен қатар жоғарғы оқу орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында ұйымдастырылды.

Сайысқа ҚазҰУ студенттерімен қатар, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ сынды жоғарғы оқу орындарының «шығыстану» мамандығы бойынша білім алып жүрген 2, 3, 4 курс студенттері қатысты.

Олимпиаданың ресми ашылу салтанатына Египет мәдени орталығының директоры, Мәдени Істер бойынша атташе Хемдан Ибрагим, Алматы қаласындағы ҚХР білім және мәдениет істері бойынша консулы Ван Цинпин, Конфуций Институтының директоры Асылбеков Р.Ө., Конфуций институтының директорының орынбасары Ваң жын, Халықаралық жапон қорының өкілі Оними Юми, Каир университетінің профессоры Әбулфутух Сабри Әбулфутух Юнус мырза сынды қонақтар қатысты.

2.jpg

Сайыстың нәтижесінде келесі студенттер жүлделі орындар иемденіп, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің дипломдарымен марапаттауға ұсынылды.

Жылдағы әдет бойынша биыл да Олимпиада аясында қытай тілі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ және Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-ден келген 17 студент өзара сайысты. Сайыстың бірінші кезеңінде тест және эссе жазу жарысы өткізілді. Бұл жерде қатысушылар өздерінің қытай тілі мен елтану бойынша алған білімдерін қаншалықты игергендерін дәлелдеп, артынан берілген тақырыптардың біріне эссе жазулары керек болды. Олардың бұл еңбектерін ЖОО ұстаздарынан және Конфуций институтының өкілдерінен жасақталған әділқазылар бағалауы тиіс болды. Биыл әділқазылар құрамына Ваң Чжын, Нұржаубек Айнұр, Исаева Жансая, Дәуен Динара. секілді ұстаздар кірді. Бірінші кезеңді қорытындылай келгенде жарыстың екінші кезеңіне 10 үміткер жол тартты. Бұл жерде студенттер өздері дайындаған жобаларын қытай тілінде баяндап және әділқазылардың сұрақтарына жауап берулері тиіс еді. Үміткерлердің қытай тілін қаншалықты меңгергендері, олардың сөйлеу, есту, түсіне білу және жауап беру қасиеттері сынға түсетін бұл сайыс өте қызықты өтті. Студенттер бүгінгі күні өте өзекті болып отырған «Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасының жаңа форматы» тақырыбына  назар аударыпты. Екінші кезең аяқталған соң, әділқазылар жалпы жарыс қорытындысын шығарып, жария етті. Сонымен тартысты әрі қызғылықты өткен жарыс қорытындысы былай өрнектелді:

I орын Мурзагельдина Лаура.

ІІ орын Араппаева Айжан,  Бейсен Аделина.

ІІІ орын Естакова ДианаКараева Дильназ, Темирxанова Айгерим.

3.jpg

Олимпиаданы қортындылау кешінде жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Жарысқа демеушілік көрсеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты бағалы сыйлықтар тапсырды. Бұдан тыс, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы үш жеңімпазға Қытайда білім алу грантын бөлді. Олар Қытайдың өздері таңдаған жоғарғы оқу орнында білім алу мүмкіндігіне ие болды.

 

Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының

оқытушысы Шәріпқазы Нұртәліп

 


Таныс шекарадағы трансшекаралық өзендер мәселесі (САРАПТАМА)
Жүгірудің пайдасы