Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болды

Уақыты: 2018-09-10 Көрлімі: 1009 Сипаттама

Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Ақорданың б...

10bca6f4260bcc7c40f08b129b7d0541.jpg

Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президентінің Жарлығын жария етті.  

Ә.Ө. Исекешевті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы

 Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын.

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Әсет Исекешев 

1971 жылдың 17 тамызында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін бітірген.

 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеді.

 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.

 2006-2007 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары. 

2007- 2008 жылдары «Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры. 

2008 жылғы ақпаннан 2009 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі. 

2009 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 

2010 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 

2012 жылдың қаңтар айынан бастап Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 

2012 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 

2014 жылдың 06 тамызынан бастап Инвестициялар және даму министрі. 

2016 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің № 288 Жарлығымен Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Елбасының Алматы қаласындағы сапары
    Әділбек Жақсыбеков «Цесна» корпорациясы» директорлар кеңесінің төрағасы болды

    Ұқсас тақырыптар