Елбасының Алматы қаласындағы сапары

Уақыты: 2018-09-05 Көрлімі: 996 Сипаттама

Елбасы Алматы қаласының қайта жөнделген көшелерін аралап көрді4 қыркүйекте Елбасы Нұр...

5c79fceddfa14eac70bbb90277270790.JPG

Елбасы Алматы қаласының қайта жөнделген көшелерін аралап көрді

4 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында іс-сапарда болды. Қазақстан Президенті Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін инфрақұрылымы қайта жасақталған Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарын аралап көрді.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына шаһар тіршілігін сәулет-құрылыс жүргізу тұрғысынан реттеу үшін пилоттық режімде енгізілген жаңа дизайын-код әдісі жөнінде мәлімдеді. Бұл әдіс мегаполистің бірыңғай стилін қалыптастыруға арналған әрі бір құжатта нақтыланған ережелер мен ұсынымдарды айқындайды.

e49f4766e1accc21458baf2f6e30391b.jpg

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды қамтитын Тимирязев және Жандосов көшелерінің бойымен тартылған BRT көше-жол желісімен танысты.

 «Falcon Eurobus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Мемлекет басшысы зауыт жұмысы жөніндегі баяндаманы тыңдап, үшінші буын саналатын электрлі автобустар жасау өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты.

fba64e60863fdcb6683f9ce4a7e17393.JPG

Бұл жобаны іске асыруға 15 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Оған мемлекеттік қолдау арқылы Алматы қаласының әкімдігі тарапынан жер телімі бөлінген және 2 миллиард теңгеге сумен қамту және электр желілері тартылған.

Өнімділік қуаты жылына 100 электрлі автобус шығаратын зауыт 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды.



b32f73193f248a6b15811c58466d5b21.jpg


 Алматы қаласының индустриялық аймағын аралап көрді

Қазақстан Президентіне Алматы қаласының индустриялық аймағындағы жұмыс нәтижелері мен оны дамытудың перспективалық жоспарлары жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев жоғары технологиялы ток өткізгіш кабель өнімдерін шығаратын «КМК Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік циклімен, сондай-ақ дайын өнім үлгілерімен танысты.

1508f3855f63d710bb5e4534ce0a3b6b.JPG

Кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелескен Елбасы өндірісте еуропалық сапаға сай бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технология мен құрылғылар қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Tokyo Rope Almaty» жауапкершілігі шектелу серіктестігінің зауытында металл габион торын жасайтын автоматтандырылған өндіріспен танысып, дайын өнім үлгілерін көрді.

e24b84624ec2790a88801ce7e668b2f2.JPG

"Алматы Бас жоспары"  ғылыми-зерттеу институты  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Мемлекет басшысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қамтитын ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Қалалық және республикалық 10 жүйенің бірігуі шаһардағы автотрафик, қоғамдық көліктегі жүргіншілер ағынының күнделікті көлемі, мектептер мен балабақшалардың жүктемесі, қылмыстық ахуал жөніндегі мәліметтерді талдауға, сондай-ақ бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

683390332bf394c16e733aff00689145.JPG

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаладағы түрлі үдерістер көлемін реттеуге, имитациялауға және модельдеуге мүмкіндігі бар 3D-проекция түріндегі Алматының голографикалық макеті таныстырылды.

01c3f3a2acf0addbfd67e4d6fc266d1c.jpg

Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтын аралап көрген соң Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Дереккөз: "Ақ Ордан"

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Алдағы үш жылда Солтүстік Қазақстан облысына шамамен 3000 отбасын көшіру жоспарланған
    Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болды