Сағадиев: Шетелдегі қазақ балаларына бөлінетін оқу гранттары артып келеді

Уақыты: 2018-09-24 Көрлімі: 1305 Сипаттама

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев шетелдегі қазақ балаларына бөлінетін оқу г...

5908681.jpg

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев шетелдегі қазақ балаларына бөлінетін оқу гранттарының саны жыл санап артып келе жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жыл сайын Моңғолиядағы қазақ балалары үшін оқу кітаптарын көптеп жібереміз. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында бірқатар қазақ мектептері бар. Моңғолиядан сонымен бірге, студенттердің көп келіп жатқанын да айта кету керек. Біз биыл ғана осы бағытта 55 білім грантын бөлдік. Жыл сайын сұраныс артып келе жатқандықтан, бізге бұл жағдай, әлбетте, ұнайды», - деді министр Моңғолиядан келген бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы және оның анасымен кездесуден кейін тілшілерге берген сұхбатында. 

Ерлан Сағадиев қазақстандық ЖОО гранттары тек моңғолиялық қазақ студенттеріне ғана емес, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Қытай секілді өзге елдердегі қандастарымызға да бөлінетінін атап өтті. «Шетелдік қазақтарға арналған грант саны жыл санап көбейіп жатыр. Қазақстанға шеттегі қандастар көп келеді. Көпшілігіне еліміздегі ЖОО-лар ұнайды. Осында қалып, жұмыс істеп, Қазақстан азаматтығын алып жатқандар да жетерлік. Өте қуанышты жағдай деп айтар едім. Грант санын арттырып, өзіміздің бағдарламаны олардың оқыған бағдарламасына сәйкестендіріп, жағдайын жасап отырмыз. Шетелдегі қазақ балалары осында оқуға келгенде оларға жатақханадан орын беріліп, шәкіртақы төленеді. Өз тарапымыздан оларға бар жағдайды жасап отырмыз», - деді Ерлан Сағадиев.

 Еске сала кетсек, бүгін Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Моңғолиядан келген бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызымен және оның анасымен кездескен болатын. Жиын барысында министр Айшолпанға қалаған университетіне түсуге көмектесуге уәде берді. 

«Баспасөздің бетіне шығып, арнайы телеарналарға жариялау керек болып тұр. Өзіміздің балаларымыздың Моңғолия туралы білімін көтеріп, сол жақтағы қандастарымыз қалай тұратынын бүгінгі жас буынға көрсеткіміз келеді. Бізге бұл өте маңызды. Жыл сайын Моңғолиядағы қазақ балаларына оқулықтарды жіберіп отырмыз. Бірақ, ол жақтағы қазақ балаларын осында шақырып, көрсеткіміз келеді. Бізде ондағы қазақ балаларына жыл сайын грант бөлінеді. Көпшілігі Алматыға немесе Өскеменге келеді. Көпшілігі осында жұмыс істеп қалып жатыр. Өте қуаныштымыз. Университетпен (Айшолпан түскісі келетін - авт.) керек болса өзім сөйлесемін», - деп түйді Ерлан Сағадиев.


Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Нұрсұлтан Назарбаев: Ортақ тарих пен рухани құндылықтарға негізделген қарым-қарынастарымыз қарқынды
    Б. Тілеухан Оралман мәртебесінің уақыты өткен қандастарға жеңілдік сұраған хатты министрге жолдады

    Ұқсас тақырыптар