Б. Тілеухан Оралман мәртебесінің уақыты өткен қандастарға жеңілдік сұраған хатты министрге жолдады

Уақыты: 2018-09-26 Көрлімі: 6238 Сипаттама

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 29 қыркүйекте Оралман куәлігінің уақыты өті...

7c55ef69-60a8-4457-8251-cec2e7bde98b.jpg

 «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 29 тамызда Оралман куәлігінің уақыты өтіп кетуіне байланысты ҚР азаматтығына құжат тапсыра алмай жүрген қандастарға бір мәрте кеңшілік жасап, жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын алуына көмектесуін өтініп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевқа және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханға хат жазған болатын.

Хатта ҚР «Халықтың көші - қон туралы» заңының  21 - бап 2 - ші тармағына сәйкес Оралман куәлігінің уақыты өтіп кеткеніне 6 айдан асқан 10 мыңдаған отбасының ҚР азаматтығына құжаттарын өткізе алмай жүргенін айта келіп, «Бұл тәжірибе бізде бұрын да болған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 27.07.2016 жылғы № 22-6-17/49 37  xатымен берілген келісіміне байланысты 4  мыңға жуық қандасымыздың тағдыры оң шешімін тапқан болатын. Біздіңше осы тәжірибені тағы бір мәрте қолдансақ, 10 - мыңдаған қандастарымыздың тағдыры оң шешімін табар еді» деп мәселенің шешу жолын ұсынған.

Осы хатты алған Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымоваға жолдап, «Сізден осы  өтінішті қарастырып, нәтижесін маған және арыз иесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде жолдауыңызды сұраймын» депті.

177f36a4-9c54-4b01-b9f9-0f71c5301507.jpg

 

1535534928642851.jpeg


1535534777415395.jpeg

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Сағадиев: Шетелдегі қазақ балаларына бөлінетін оқу гранттары артып келеді
    Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведумен кездесті