Осы күндері Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында China International Import Expo импорт тауарлары мен қызмет түрлері бойынша халықаралық көрме өтіп жатыр.
Көрмеде қазақстандық стендке деген қызығушылық ерекше. Қатысушыларға еліміздің экспорттық және инвестициялық әлеуеті таныстырылуда. Жалпы, іс-шараға 130 мемлекеттен 2800 компания қатысып жатыр.
Осы көрмені өткізу арқылы Қытай әлемге өз нарығын паш етіп, басқа мемлекеттерді тауарларын көрсетуге, сол арқылы сауда-саттық қарым-қатынас орнатуды көздейді.
Көрме аясында ел бизнесмендерінің қол жеткізген жетістіктері бар. Айталық, «Кублей» ЖШС (Қазақстан) мен Karamay Yuguanfu Foreign Trade Co Ltd (Қытай) арасында Қытайға 20 мың тонна сиыр мен қой етін экспорттау бойынша келісімшартқа қол қойылды. Сондай-ақ 15 мың тонна бал экспорттау үшін қазақстандық «Пасека» шаруа қожалығы мен Қытайдың Синьцзян Xinhongji International Trading Co компаниясы екеуара келісімшартқа қол қойды.
Сонымен қатар Тұңғыш Қытай халықаралық импорт көрмесі шеңберінде қазақстандық компаниялар сауда бойынша Еуразиялық семинарға қатысты. Семинарда қазақстандық тараптан 10 компания, қытай жағынан 100-ден аса компания өкілдері болды.
Бұл іс-шара аясында Қазақстан Республикасы марал шаруашылығы палатасы мен Қытай ауыл шаруашылығын арнайы зерттеу институтының арасында бұғы мен марал өсіру және оның өнімдерін өндіру бойынша келісімге қол қойылды.
Марал мүйізінің пайдалы қасиеттері көпшілікке белгілі. Ежелгі Қытай мифологиясында марал жаратқан ие серігі ретінде келтіріледі әрі ежелгі Рим дәрігерлерінің еңбектерінде де бар. Кейінірек марал мүйізін қытай медицинасында кеңінен пайдаланылатын болған.
Көрмеге елімізден 302 қазақстандық компания қатысуда. Олар өндіріс, ауыл шаруашылығы, машина жасау, туризм және т.б. саладан келді.
Айта кету керек, 2018 жылдың 1 қаңтарына ақпарат бойынша Қытай мемлекеті мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 10,5 млн доллар. құрады.
Осы категория бойынша: « 2022 жылы СҚО-да шағын ұшақтар құрастырыла бастайды Ақтөбе облысында ресейлік капиталдың қатысуымен 500-ден астам бизнес нысаны жұмыс істеуде »
Дереккөз: 24.kz
Jebeu.kz