28 тамыз күні Алматы қаласында «Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының» ұйымдастыруымен «Кел баллар, оқылық» атты акция өтті. Білім күніне орай, көп балалалы отбасынан шыққан бірінші сыныпқа баратын балаларға материялық көмек көрсетіп, сыйлық жасау мақсатындағы өткізген шараға «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі демеуші болды.
Акция аясында бірінші сыныпқа баратын оқушыларға қолөнерден мастер класс өтті. Ұстаздар мен оқушыларға арналған концерттік бағдарлама қойылды. Аталмыш қор директоры Алма Ауғанбаева мен Базарәлі Әріпұлы, Құрмет Қабылғазыұлы қатарлы «Жебеу» РБҚ мүшелері балаларға сыйлықтарын таратты.
«Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының» директоры Алма Ауғанбаева аталмыш қордың 2001 жылдан бері жастар мен жас өспірімдерге қолдау танытып келе жатқандарын айтып, Осы шараға демеушілік жасаған «Жебеу» РҚБ-ға алғысын айтты.
«2001 жылдан бері жастармен, жасөспірімдермен түрлі Алуа клубтарын өткізіп, спорт, өнер саласында балалармен неше түрлі жұмыс жасап келе жатырмыз. Алматы қаласы бойынша 40 аула клубымыз бар. Биыл 50-ге жеткізсек деген жоспардамыз. Клубтарымызда өзіміздің ұстаздарымыз, жаттықтырушылармыз бар. Тегін өтетін неше түрлі үйірмеде 5500-дей балаларымыз бар. Осы 5500 баланың ішінде бірінші сыныпқа баратын балаларымыз да бар екен. Біз үлкен ұйым болғандықтан жанұя сияқты болып кеттік. Сол үшін Білім күні мен Конституция күнін атап өтіп, өзіміздің балаларға батамызды беріп, мектепке аттандырып отырмыз. Көп балалы отбасылар мен қиыншылығы бар отбасылардан шыққан балаларға сыйлық жасау үшін «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігіне демеуші болуға хат жазып едік, бірлестіктің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы бірден қолдауын көрсетті. Осы ретте 50 балаға мектепке қажетті оқу құралдарын сыйлауға демеушілік жасаған «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігіне алғысымызды білдіреміз»,- деді ол.
Осы шараға демеушілік жасаған «Жебеу» РҚБ атынан бірлестік мүшесі Базарәлі Әріпұлы ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.
«Алматы қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастырып отырған бұл шарасы өте маңызды және қажетті. Білім күніне орай балалар мен ата-аналарға аз да болса қуаныш сыйлап, оқу құралдарын алып беріп, мерекелік шара ұйымдастырып отырғандарыңызға алғысымды айтамын. «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Омарәлі Әділбекұлы іс-сапарда жүргендіктен, сіздерге бізден өз сәлемін жолдады. Жебеу РҚБ атынан әкелген сыйлықтарымыз бен бірлестігіміздің барлық мүшелерінің сәлемін қабыл алыңыздар. Балаларымызға мұндай көмек әлі де жалғасады деп білеміз. Жасөспірімдерімізге сабақты жақсы оқып, жақсы азамат болып өсіп, қоғамға, мемлекетке қызмет етуін шын жүректен тілейміз», деді Базарәлі Әріпұлы.
Суреттерді түсірген: Тұрдыбек Құрметхан
Jebeu.kz