Қазақстан халқы 18,35 млн адамнан асты

Уақыты: 2018-12-14 Көрлімі: 1268 Сипаттама

Қазақстанда ел халқының саны 2018 жылдың 1 қарашасында 18 млн 356,9 мың адамға жетіп, 2017 жылды...

67886-preview-image.jpg

Қазақстанда ел халқының саны 2018 жылдың 1 қарашасында 18 млн 356,9 мың адамға жетіп, 2017 жылдың 1 қарашасымен салыстырғанда 239,2 мың адамға немесе 1,3 пайызға көбейді, деп  Р ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлаймыз.

Атап айтқанда, есепті кезеңде қала халқының саны 10 млн 312,8 мың адамды немесе жалпы халық санының 57,8 пайызын, ал ауыл халқы 7 млн 744 мың адамды немесе 42,2 пайызды құраған. 

 2018 жылдың қаңтар-қазанында өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келушілердің саны 22,6 пайызға қысқарып, ел аумағынан кеткендер саны 12,2 пайызға артқан. Елдің негізгі көші-қон айналымы ТМД мемлекеттерін қамтиды. ТМД елдерінен келген және осы елдерге кеткендердің үлесі 78,4 және сәйкесінше 90,6 пайызды құрады. Өңіраралық көші-қонда еліміздің үш өңірінде жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр. Олар: Шымкент (39556 адам), Алматы Алматы (29 496) және Астана (15 189) қалалары.

Jebeu.kz






Пікір жазу
  • Қанат Ислам Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қабылдауында болды
    Зауытбек Қауысбекұлын туған күнімен құттықтаймыз!

    Ұқсас тақырыптар