Бүгін, 15 желтоқсан Дүниежүзі қазақтары қауымдасты Төрағасының бірінші Орынбасары, мемлекет қайраткері Зауытбек Тұрысбековтың туған күні. Осы орайда дүниежүзі қазақтарының сұраушысы болған қоғамдық ұйымның басшысы Зауытбек Қауысбекұлын туған күнімен құттықтап, ұзақ өмір, зор денсаулық тілейміз!
Зауытбек Қауысбекұлы, әр жылдары жоғары лауазымда қызмет атқыра отырып, қазақ елінің тұрақтылығы мен дамуына елеулі ұлес қосқан тұлға. Дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әлем қазақтарының басын қосатын ұйымды сеніп тапсырды. Әлемдегі әр қазақтың асқар тауы болып, Елбасы тапсырмасын даңықпен орындауды тілейміз!
Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков 1951 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
1973 жылдан - Қазақ химия-технология институтының оқытушысы - комсомол ұйымының хатшысы. 1977 жылдан Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрағасы. 1979 жылдан Қазақстан ЛКЖО Түлкібас аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылдан - Қазақстан КП Түлкібас аудандық комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1990 жылдан - Түлкібас аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - халық депутаттары Түлкібас аудандық кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан - Түлкібас ауданы әкімшілігінің әкімі. 1992 жылғы мамырдан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 1993 жылға мамырдан - бірінші орынбасары. 1993-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1997 жылғы желтоқсаннан - ҚР Көші-қон және демография агенттігінің төрағасы. 1999 жылғы қаңтардан - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2000 жылдан - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2003 жылдан - ҚР ішкі істер министрі. 2005 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан - ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2009 жылғы тамыздан - ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі. 2012 жылғы сәуірден ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Молдова Респбуликасындағы төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2017 жылдан бастап Дүниежүзі қазақтары қауымдастыңы Төрағасының бірінші орынбасары.
Жебеу Республикалық қоғамдық бірлестігі
Jebeu.kz