Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 25 ақпан №849 жарлығы бойынша:
Сонымен, Қазақстан Республикасының 11-інші Үкіметі:
Асқар Ұзақбайұлы Мәмин – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі;
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды.
Сондай-ақ, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.