Асқар Мамин ҚР Премьер-министрі болып тағайындалды

Уақыты: 2019-02-25 Көрлімі: 810 Сипаттама

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр лауазымына Асқар Маминді тағайында...

Снимок.JPG

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр лауазымына Асқар Маминді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың Туиттердегі парақшасында хабарланды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысуда. Бұған дейін белгілі болғандай, Елбасы Премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген.     

Білімі: 1987 жылы Целиноград инженер құрылысы институтын, 

2003 жылы Г.Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша бітірген. 

1987-1988 жылдары - «Целинтияжқұрылыс» трестінің ассистенті;

1988-1991 жылдары - Целиноград облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасында жұмыс істеді;

1991-1993 жылдары - Қазақстанның инновациялық кәсіпорындар одағының бас директорының орынбасары;

1993-1996 жылдары - «Интер-Ишим» БК-нің бас директоры;

1996-2000 жылдары - Ақмола қаласы әкімінің бірінші орынбасары (Астана қаласы);

1998-2000 жылдары - Ақмола ЕЭА Әкімшілік кеңесінің төраға орынбасары;

2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі;

2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы;

2002-2003 жылдары - «Инком-Астана» ЖШС бас директоры;

2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда бірінші вице-министрі;

2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;

2006-2008 жылдары - Астана қаласының әкімі;

2008 жылдың сәуір айынан бастап 2016 жылдың қыркүйек айына дейін - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті;

2016 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

2019 жылғы 21 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің міндетін атқарушы.

2019 жылғы 25 ақпанынан бастап Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Назарбаев Үкіметті отставкаға жіберетінін айтты
    ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді