"Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Abai.kz ақпараттық порталының құрылтайшысы, жазушы Дәурен Қуат "Алаш" әдеби сыйлығының иегері атанды.
"Қазақ әдебиеті" газетінің жазуынша, Қазақстан Жазушылар одағы хатшылығы мәжілісінің шешімімен 2019 жылдың 5 сәуірі күні Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы (2017-2018) төмендегі қаламгерлерге берілген.
Олар:
Ғұсман Жандыбаевқа “Арман ауыл” өлеңдер жинағына;
Нұрдәулет Ақышқа “Рақымсыз көктем” әңгімелер жинағына;
Сайлаубай Жұбатырұлына “Абыржы” 3 томдық шығармалар жинағына;
Қайсар Әлімге “Міржақыптың оралуы, Возвращение Миржакипа” хикаят сапарнамасына;
Шәмшиябану Хамзаға II томдық шығармалар жинағына;
Мира Шүйіншалиеваға “Ар азабы” пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы үшін;
Дәулеткерей Кәпұлына “Терісбұрау” өлеңдер жинағына;
Мырзан Кенжебайға “Өттің дүние” өлеңдер жинағына;
Сайлаубай Тойлыбаевқа “Сарноқай саздары” жинағына;
Нармахан Бегалиевке "Жаз - жалбыз" өлеңдер жинағына;
Байбота Қошым-Ноғайға "Жұмақ нұры" өлеңдер жинағы;
Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағына;
Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағына;
Дәурен Қуатқа “Бөрісоқпақ” әңгімелер жинағына;
Өмірзақ Қажымғалиевке “Жаңғырық” трилогиясы үшін;
Мінуар Әкімхановқа “Көңілге тұнған көп сурет” өлеңдер жинағына;
Патигүл Мақсатоваға Патям “Хар пәсилнин гузаллиги бар” өлеңдер жинағына;
Әмина Құрманғлиқызына “Әулет пен нәубет” шығармалар жинағына;
Серікбай Оспановқа “Алқоңыр” өлеңдер жинағына берілді.
Осы орайда жазушы Дәурен Қуатты және Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері атанған барша қаламгерлерді құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
Jebeu.kz