Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының ХІХ съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тоқаевты "тәжірибелі саясаткер" деп бағалады.
- Менің саясатымды қазақстандықтардың басым бөлігі қолдайтынын білемін. Бұл маған сенім ұялатады. Адамдарға тұрақтылық керек. Қазақстан президентімен бірлесіп елді күшейту жолында жұмыс істеймін, - деді Елбасы.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін жариялаған.
Қазақстанда кезектен тыс өтетін президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталған. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқталады.
Jebeu.kz