ҚР Президенті: Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас, серіктес ел

Уақыты: 2022-02-09 Көрлімі: 211 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Олий Мәжілісі Заң шығару палатасыны...

220209155850846e.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловты қабылдады, деп  Ақордаға сілтеме жасап хабарлаймыз.

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының төрағасы Н. Исмоиловқа ілтипат білдіре отырып, елдеріміз достық пен тату көршілікке, ортақ мәдени құндылықтарға негізделген, мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі болатын берік әрі үйлесімді қатынастарды орнатқанын атап өтті.




Қазақстан Президенті өткен жылдың желтоқсан айында Шавкат Мирзиёевтің елімізге жасаған мемлекеттік сапарын жоғары бағалады. Сол сапар қазақ-өзбек ынтымақтастығын одақтастық деңгейіне көтеруге негіз болған.

«Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас, серіктес ел. Сондықтан екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береміз. Біздің одақтас қатынастарымыз кең ауқымды және саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қамтиды. Осы ретте парламент дипломатиясы ерекше рөл атқарады», – деді Мемлекет басшысы.




Өз кезегінде Нурдинжон Исмоилов Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге уақыт бөлгені үшін алғыс білдіріп, Өзбекстан Президентінің ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді.






Пікір жазу
  • Қытай атынан Олимпиадаға қатысып жатқан 3 қазақ спортшының нәтижелері қандай
    Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?