Бейбіт Атамқұлов: Қазақстан - Түркия тауар айналымы 50 пайызға өсті

Уақыты: 2019-05-24 Көрлімі: 896 Сипаттама

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғ...

68479bf426d10544e1964c99b6eb74d4.jpg

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен стратегиялық жоспарлау жөніндегі бірлескен тобының 5-ші отырысының қорытындылары бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

«Бүгін әріптесім, бауырым Мевлют Чавушоғлумен өте жемісті кездесу өткіздік. Қазақ халқы мен түрік халқы тамыры терең тартқан ұлы бәйтеректің екі үлкен бұтағы іспетті. Қазақстан азаттық алғаннан кейін екі ел арасындағы ынтымақтастық бірден қарқынды дами бастады. Бүгінде Қазақстан мен Түркия саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, әскери және басқа салаларда белсенді түрде ынтымақтастық жүргізуде», - деді ҚР Сыртқы істер министрі

Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов екі елдің қарым-қатынасындағы Елбасының ролы ерекше деді. 
«Биыл біз екіжақты қарым-қатынастардың стратегиялық деңгейге көтерілгенінің 10 жылдығын атап өтудеміз. Осы мерзім ішінде мемлекет басшыларының төрағалығымен Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі отырыстары үш рет өткізілді. Соңғы рет өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ресми сапары кезінде болды. Елбасы 2016 жылғы 15 шілдеде Түркияда орын алған әскери төңкеріс жасау талпынысынан кейін Түркияға мемлекет басшысы деңгейінде алғашқы болып сапармен барды. Қазақ-түрік қарым-қатынастарындағы Елбасы рөлі – ерекше болып табылады. Ол екі мемлекет арасындағы байланыстардың сәулетшісі десек те артық емес. 1991 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға 24 рет жұмыс және ресми сапармен барды. Өз кезегінде Түркия Президенттері Қазақстанға 15 рет,  премьер-министрлері 6 рет келіп кетті. Елбасы бастамасымен түркітілдес мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастық төңірегінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры және ТүркПА сияқты көпжақты ынтымақтастық форматтары құрылды. Түркі мемлекеттері оны сыпайы түрде - Түркі әлемінің Ақсақалы деп атайды. Бүгін біз Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың бағыттарын талқыладық. Әлемдік және өңірлік саясаттың өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарымыз сәйкес келеді. Әріптесіммен бірге Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі кездесулерінен бұрын өткізілетін Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының кезекті отырысын өткіздік», - деді Атамқұлов.

Министрдің  айтуынша, екіжақты тауар айналымын бастапқыда 5 млрд долларға дейін көтеру жөніндегі екі мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстың нәтижелері байқалған.


«Бүгін біз Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың бағыттарын талқыладық. Әлемдік және өңірлік саясаттың өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарымыз сәйкес келеді. Әріптесіммен бірге Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі кездесулерінен бұрын өткізілетін Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының кезекті отырысын өткіздік. Екіжақты тауар айналымын бастапқыда 5 млрд долларға дейін көтеру жөніндегі екі мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес жұмыстың нәтижелерін көріп отырмыз. Биылғы жылдың алғаш тоқсанында екіжақты тауар айналымы алдыңғы жылдың осындай мерзіммен салыстырғанда 50 % астам өсімді көрсетіп 632 млн долларға жеткенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының түрлі саласында түрік капиталының қатысуымен 2200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді», - деді ол.

Кейін министр түрік инвесторлары Ақтау портындағы көлік-логистикалық хабты дамытуға шақырылғанын атап өтті.

«Біз «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жандандыруға уағдаластық. Елдеріміз арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқыладық. Қазақстан Еуропа мен Азия арасында трансконтинентальды мультимодальды тасымалдаулар, оның ішінде «Нұрлы жол» және «Бір белдеу – бір жол» бағдарламалары аясында белсенді түрде дамытып жатқанын атап өткім келеді. Қазақстан Ақтау портын жаңартып, әлеуетін нығайтты. Біз түрік инвесторларының Ақтау портындағы көлік-логистикалық хабты дамыту іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз», - деді министр.


Jebeu.kz





Пікір жазу
  • М. Әшімбаев: Атыраулықтар Бағдарламада әлеуметтік салаға ерекше басымдық берілгеніне дән риза
    Назарбаевқа Түркі кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілді