ҚР Орталық Сайлау комиссиясы сайлаудың алдын-ала қортындысын жариялады. Сайлау қортындысы бойынша ҚР Президенті сайлауында Нұр Отан Партисясы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
ҚР ОСК-ның мәліметі бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249 дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 процент дауысын, Дания Еспаева 478 153 дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 процент дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе сайлаушылардың 16,02 процент дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 процент дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 процент дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 процент дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 процент дауысын жинаған.
Осы орайда еліміздегі билік ауысы барысында өткен сайлауда халықтың басым бөлігінің таңдауына таңдауы түсіп, жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлын құттықтаймыз. Сайлауалды бағдарламасында айтылған барлық жоба-жоспарларын орындап, Қазақстан Республикасының әр азаматына тең мүмкіндік туғызатын әділетті, дамыған қоғам құруға еңбек етуін тілейміз.
Jebeu.kz