Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.
Қазақстан Президенті Премьер-Министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.
«Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Jebeu.kz