А. МАМИН: Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселесі бәріміз үшін аса маңызды

Уақыты: 2019-06-18 Көрлімі: 828 Сипаттама

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізіміне өзгерістер енгізілді және 2020 жылы іске қосу жоспарланған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін...

1e282d949f149e8aa40bed69cc539e26.png

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізіміне өзгерістер енгізілді және 2020 жылы іске қосу жоспарланған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмектің жаңа тізімі бекітілді.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың МӘМС жүйесіне көшу бойынша тапсырмаларын орындау барысы, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі моделін енгізу және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналық қзыметтердің сапасын арттыру бойынша міндеттердің орындалуы туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады. Сонымен қатар жергілікті инфрақұрылымның дайындығы мәселесі бойынша бірқатар өңірлердің әкімдері тыңдалды.

«Бәріміздің алдымызда медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша ортақ міндет қойылған», — деді Асқар Мамин.

Қазақстан Үкіметі медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. Осы ретте, денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Маңызды міндеттердің бірі — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тиімді енгізу. Сақтандыруды тиімді енгізу үшін биылғы 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында пилоттық жоба іске қосылады, оған өңірдегі барлық медициналық ұйымдар тартылады. А. Мамин атап өткендей, бұл тетікті барлық өңірлерге тарату және 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру толық іске қосылған кезде ескеру қажет.

ҚР Премьер-Министрі өңірлердің әкімдеріне медициналық ұйымдарды компьютерлермен, үздіксіз интернетпен және ақпараттық жүйелермен жарақтандыру бойынша мәселелерді шешуді тапсырды. Бұл бағытта Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстарында жұмыс сапалы түрде ұйымдастырылған.

Азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуды арттыруға жекелеген көңіл бөлу тапсырылды. Ол үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды формализациялау бойынша жұмыстарды аяқтап, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС бойынша хабардарлық деңгейін көтеру қажет.   

«Әрбір азамат мемлекет тарапынан кепілдік ретінде қандай медициналық көмектің тегін көрсетілетінін нақты білуі тиіс, — деді А. Мамин. — Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселесі бәріміз үшін аса маңызды».

Отырыс аясында «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Үкімет құрамына алғаш рет қосылған министрлер: білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің, мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлованың, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің ант беру рәсімі өтті.


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шұғыл шаралар әзірлеуді тапсырды
    Тоқаев: Мен батыл ұрпақ өсіп келе жатқанын көріп тұрмын