Димаш Құдайберген концертінен түскен қаражаттың бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударатынын айтты

Уақыты: 2019-06-30 Көрлімі: 945 Сипаттама

Димаш Құдайберген Елордада 29 маусым күні өткен өзінің "Арнау" атты жеке концерттен түск...

20190629223629.jpg

Димаш Құдайберген Елордада 29 маусым күні өткен өзінің "Арнау" атты жеке концертінен түскен қаражаттың бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударатынын айтты. 

«Шетелде көп жүргеніммен,  ылғи елімнің жаңалықтарын біліп отырамын. Интернетті ақтарғанда ең бірінші елімде не жаңаық болып жатқанын қараймын. Жақында Арыста болған оқиға маған да қатты батты. Тіпті концерт беру осы кезде ыңғайсыздау секілді көрінді,  солай айтқандар да болды. Алайда шетелден шақырып қойылған қонақтар бар,  арнайы келушілер бар! Соларды ескеру керек болды. Сондықтан Арысқа көмек ретінде осы концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін аударамын деп шештім. Бұл сіздердің де көмектеріңіз боп саналады,  ағайын", - деді Димаш Құдайберген. 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-пленарлық отырысына қатысты