Елдер достығының елшісі - Димаш

admin2 2018-02-17 399 ℃ Қысқаша

Димаш құдайберген 1994 жылы мамырдың 24 күні Қазақстанның Ақтобе обылысында өмір есігін...

2193644.jpg

 

Димаш Құдайберген 1994 жылы мамырдың 24 күні Қазақстанның Ақтобе обылысында өмір есігін ашқан. Атасы Құдайберген домбырашы , әжесі де әнші болумен бірге , әке ـ шешесі де Қазақстанға танымал мықты әнші, музыкант. Толық аты ـ Дінмұхамет, еркелетіп қойылған аты Димаш. Атасы мен әжесінің қолында өскендіктен Құдайберген деп атасының фамиласымен аталып кеткен. Бала кезден бастап қанына сіңген қасиет бойынша әнге ауес болған, 5 жасында оркестрге мүше болып , 6 жасында Қазақстанның мемлекеттык сыйлықты пианино жарысында чемпион болған. Қазақстан мемлекеттык көркемөнер университетының студенті. 2010 ـ жылы “Звонкие голоса Байконура” халқаралық көркемөнер фестивалында 1- дәрежелі сыйлықты еншілеумен өнер әлеміне топ жарып кірген. 2012  жылы “Восточный базар” халқаралы ән жарысына қатнасқан әрі шешуші жарыста чемпион болған. 2014 жылы “Славян базары” таралмалы ән жарысына қантасып әрі шешуші жарыста чемпион болған. 2015  жылы Евро ـ Азя ән жұлдызар  жарысына қатнасқан әрі аға жүлдегер болған. 2016  жылы «Димаш Кұдайберген» деген жеке әндер жинағын шығарған. 2017 жылы қаңтар айында Қытайдың Хунан телеарнасының «мен әншімін» атты мемлекеттік бәсекелі ән жарысына қатнасып 2 ـ болған . Осыдан соң қытай тіліндегі әндер жинағын шығарды әрі қытайдың сол жылы базарға салынған «ұлы ұстазды еске алу» атты әйгілі кино фильмінің арқау әнін айтты. Осы жылы Димаш 24 ـ кезекты шығыс жұлдыздары есімдігіне енгендердің музыка кешінің азия алыптары›› ән жұлдыздар сыйлығына, 17 ـ кезекті музыка жұлдыздар  есімдігіне енгендерді марапаттау кешінде «ең көп назар аударылған шетелдік көркемөнерпаз» марапатына, 2017 ـ жылғы әлемдік қытайша ән ـ музыка марапаттау салтында «ең үздік шетелдык әнші›› сыйлығына, тамыз айында 2017ـ жылғы қытайша асыл әндер сыйлығының «мен ең ұнататын ер әншы» сыйлығына ие болды. Осы жылы Қытайдың «Шяуми ерен пері» киносының арқау әнін айтты. 2018  жылы Қытайды таң қалдырған әншілер ән кешінде осы жылғы ең үздік ер әнші сыйлығына, қаңтардың 18 күні 2017 ـ жылғы блок кеші жылдық музыка сауығында «жеткіншек» сыйлығына ие болды.

tedeU8OSGiU.jpg

Димаш Құдайбергенде туада біткен таңғажайып музыка таланты бар, оның дауысы 4.5 дыбыс такітінен еркін қиналмай асып кете береді, сондықтан ол Қазақстанның меммлекет дәрежелі табиғи таланты деп әспеттеліп отыр. Димаш Европаша әуенмен де, ағымдық әуендермен де, опера әуенімен де, кәдімгі қазақтың халық ән ауенімен де әндете береді, әлі жеткен алып та жығады, шалып та жығады дегендей, кейде осының бәрін тоғыстырып айта береді. бір әнді айтқанда көптеген слоптағы, көптеген такіттегі әуендерді тоғыстыра айту шеберлігін өте қанық игерген. Ол ән айтқанда кейде баяу әрі өте анық әуенмен сезім пернелерін еппен басып жан жүйені тербесе, кейде майда қоңыр әуенмен бар сезіміңды баурап алады да , содан соң майдай жағып, балдай сіңіп балқытып әкете береді, кейде сондай тұнық та асқақ әуенмен сергітіп серпілсе, кейде қырандай қанат қағып шырқау шыңға шыққандай елде жоқ ерен биік әуенмен елегізітіп ала жөнеледі, тебірентіп желпінтеді, мұндайда самғау мен шырқау деген қос өнер қос қамшымен осып жібергендей отырған адам орнынан секіре жаздайды, жанкүйерлер жарыла қуанғаннан ‹‹жындана›› жаздайды. Сондықтан, Димашты бір әннің өзінен соншама күрделі коңіл күйді, соншама мол сезімді, соншама мол арман мен талапты, мұң мен мұқтаждықты тоғыстыра бейнелеп бере алатын киелі де қасиетті өнерді тұңғыш игерген керемет әнші деу ـ дәл айтылған баға . Димаштың ән құдыретының қысқа ғана уақытта миллиардтар елін жадылап, шоқтықты жұлдыздар онымен достасып,  дүние дүлдүлдерінің оған құшақ жайып қуана құптаулары мен марапат мақтаулары міне осыны әйгілейді. Ал, ән майданындағы тілы басқа, ділы бөлек жалпы жанкүйерлер қауымының кейбіреулері шаттанып шарықтап алақызып алақайлап жатса, кейбіеулерінің қорғасындай балқып, теңіздей толқып коз жастарын көлдетіп тұрып егіле тыңдауы, әр ел, әр ұлт көрермендерінің сол майданда сол әнді Димаштың қазақ тілінде қосыла айтуы Димаштың сол көп қауымның көп түрлі коңілін бір әнге керемет кемеңгерлікпен сыйғызған шексіз шеберлігінің жан жадыратар құдыреті деу керек. Өнерде ұлттық , елдік шек ـ шекара болмайтындығын, талантты өнер , табиғи сезімнің , адамдық аяулы сезім мен риясыз махабаттың кұлы адамзатқа ортақ екендігін Димаш қана, тек Димаш қана әйгілей алғандығының куәсы деу керек. 2017 жылы мамырдың 26 күні Бейжиңде жан күйерлер мен ән сүйерлер Димаштың туған күн сауық кешін бірлікте өткізіп берді, осы сауыққа  қытайдың жер жеріндегі жанкүйерлер, ән сүйерлер Димаш айтатын әндерді үйреніп, арнайы сапармен келді. Кәсіпорындар, концерт өткізуші орындар «Диимаштың туған күні құтты болсын» деген ағылшынша құттықтау тілек жазылған естелік бұйымдар таратты. Қазақсанның, әуелі әлемнің жер жерінен жан күйерлер мен ән сүйерлер арнайы барды.

YnIF30YUfFk.jpg

Қытайдың  бір жылда бір рет болатын музыка мерекесі кезекті коктем мереке сауық кеші 2018  жылы 15  ақпандағы шағанға(көктем мерекесі) қараған күні орталық телеарнада салтанатпен өтті, оған қатнасқан қытай мен шетелдің әйгілі әнші, шоқтықты жұлдыздары ең соңғы сірге жиярда шырқау мәреге көтерер сыбағалы сәтті Димашқа ұсынды, ал, 2014  жылдан бері осы мерекеге шетелден қатнасқан бірден бір әнші ретінде Димаш Қытайдың әйгілі ән жұлдызы Юан я уй және Таюанның әлемге әйгілі «арыстандар» әнші тобының мықты әншісі Шияу жиңтыңмен бірге алуан жаңғырық деген әнды орындады, Димаш сонымен бірге, Хунан телеарнасының, Бейжиң телеарнасының көктем мерекесі сауық кешінде ерекше ілтипатпен ұсыныс етілды.

Димаш тануда оны тек әлем таныған әнші деп қана тану талғамсыз айтылған тар мағналы марапат қана болыл қалады. Бүгінгі Димаш елдер достығының елшісіне айналған өнерпаз қайраткер. Ел мен елдің, ұлт пен ұлттың мадениет ауыс ـ күйісінің дәм тұз біріктірер дәнекері. 2017  жылдың алдыңғы жарымында Қытайжың Хунан телеарнасында өткізілген «мен әншімін›» атты 4 айға ұласқан әлемдік деңгейдегі өнер байқауына қатнасу барысында милляриардтар елін мойындатып, 2ـ дарежелы сыйлық еншілеп, миллиардтар аспанының бір жарық жұлдызы болып жарқырап көрынген Димаш 2017  жылдың соңғы жарымында өзінің Dynasty атты ел аралап өткізген ән кеші арқылы шаң көрген шабандоз оркестрдың сүйемелінде Қазақстан елінің бөгенайы бөлек қазақы мәдениетін бедерлеп беделді таныстырып шықты деуге болады жане осы барыста Қазақстан мәдениеті мен Қытай мәдениетінің өркениет ортақтығы шоқтықты бейнеленді. Осы барыста ол өзінің Қазақстанның мемлекет дәрежелі талантты әншісі екендігін тағы бір  әйгілеп шықты әрі өнер өрісіндегі өзі тектес көптеген достар тапты. Мұны Димаш осы сауық кеш туралы тілшіге сұхбатында: мен қыатайды өнерімді ұштап, қанатымды қатайттым, көптеген өнерлі достармен табыстым , Қытай  менің 2 ـ мекенім секілденіп кетті, деп атап өтті. Таяуда Қазақстан тәуелсіздігің 25 жылдығына орай, Қытайа халық республикасының мәдениет министірлігі мен Қазақстанның Қытайдағы бас елшілігі бірлікте басқаратын Қытай ـ Қазақстан бірлескен музыка қоғамына мүше болды әры қытай радио ـ кино тоғыспалы оркестрының дрижоры Фан Таудың дрижорлығында орындалған «Жібек жолындағы тоғысу›› атты музыка фестивалда ‹‹құлазыма›› деген әнді орындады, сонымен бірге, «Қоңыр күз›› атты әнді ханзу тілінде бұрынғыдан да тамылжыта орындап, көрермендерден көлдей көсір алғыс алды. Қытайдың 1000 жылдың алдындағы ежелгі жібек жолы жайында жасалған шалқар теңыздегы ақ желкен атты фильмның арқау әнін орындауға Димаштан басқа адамның дәті бармады.

6ezICz7cJAI.jpg

2013 ـ жылы қытайдың мемлекет Төрағасы Ши Жинпиң Қазақстанның Назарбаев университетінде лекция жасағанда тұңғыш рет ортаға қойған «Бір белдеу , бір жол» стратегиясы азиядан өтіп әлемге беттеген қазіргі тұста экономикамен егіз дамыған мәдениет тоғысуы үзілмес үрдіске айналуда. Ендеше, Димаш жөнінен айтқанда, елдер достығының елшісі болудан халықтар достығының қарлығашы болуға барыстар баршылық, мезеттер меңзеулі, көмбелер көздеулі деп айта аламыз.

Қанатбек Жұмабайұлы

Дереккөз: «Орталық радиостанциясы»

Jebeu.kz

 

 

 


Қытай қайда беталды
«Жебеу» Қазақ зағиптар қоғамына сыйлық жасады

Ұқсас тақырыптар