2019 жылғы қаңтар-маусымдағы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,1%-ды құрады, деп ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлаймыз.
ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 37,9%, қызметтер – 53,9% құрайды.
ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.
ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.
Jebeu.kz