Айтан Нүсіпханның тағдыры екіге бөлінген қазақтың тағдыры

Уақыты: 2019-08-24 Көрлімі: 3746 Сипаттама

25 тамызда Алматы қаласында белгілі қоғам және мелмекет қайраткері Айтан Нүсіпханның қ...

IMG_6695.JPG

24 тамызда Алматы қаласында белгілі қоғам және мелмекет қайраткері Айтан Нүсіпханның қайтыс болғанының 20 жылдығына орай ас өтті. «Қайғыңды қалың қазақ арқаладым» деп жастық шағынан-ақ екі империя астында өмір сүрген ұлт пен сол ұлттың ұлттық руханиятын қорғау күресінде болған, азаттықтың  алғашқы жылдары тәуелсіздіктің нығаюына өзіндік үлесін қосқан, тағдыры бірнеше елдің құрамында қалған ұлттың тағдырымен ортақ тұлғаны еске алуға Мұрат Әуезеов, Құсыман Игісін, Мәмбет Қойгелді, Нәбижан Мұқаметханұлы, Марат Тоқашбаев қатарлы зиялы қауым өкілдері мен Әлімғазы Дәулетхан, Жәркен Бөдеш, Жанат Аxмади қатарлы   тағдырлас достары қатысты.

Асты белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы жүргізіп, зиялы қауым өкілдері Айтан Нсіпхан туралы естелігімен бөлісті. Аста Айтан Нүсіпханның ұзақ жылдар бойы телевиза саласындағы еңбектері мен қайраткерлік жолы, болмысы мен мінезі сөз болды. Айтан Нүсіпханның сұхбаттары мен фото албомынан жасалған бейне жазба көрсетілді. Сондай-ақ Жағыда Бабалық, Қалтай Мұқамеджанов қатарлы ағаларының көзі тірісіндегі пікірлерін көпшілікке қойып берді. Айтан Нүсіпханұлының немересі атасының өлеңін оқыды. Ас соңында Айтан Нүсіпханның отбасы мүшелері сөз алып, жиналған қауымға рақметін айтты. 


IMG_6620.JPG

Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы-ғалым, дипломат: Айтамнмен мақсатымыз, азаматтық көзқарасымыз бір болды. Ұзақ жылдар дос болып араластық. Алматыда өзіміздің белгілі ортамыз болды. Біз Маскеуде «Жас тұлпар» ұйымын құрған кезде, олар «Жас күштер» ұйымын құрған. Айтан қандай мәселе, қандай тақырып, қандай сала болмасын философия, саясат, экономика бәрін жақсы білетін. Мен Қытайға елші болып барғанда Қытайдың көптеген жағдайын Айтанан сұрап білдім. Кейін Айтанмен бірге Қытайдың Қашқар, Хотан аймақтарын аралап  қайтқанмын. Қазір сағынып жүрмін. Айтан ұлтымыздың ірі азаматы, біз бүгін сондай бір үлкен тұлғаны еске алып отырмыз. Айтанды ешқашан ұмытпаймыз. Міне артында немелелері сондай жақсы өсіп келеді екен. Осылар аман болсын. Айттанның жаны жаннатта болсын.

IMG_6646.JPG

Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымының докторы: Ұлы тұлғалардың тағдыры халқының тағдырымен сабақтасып, ұқсап кетеді. Айтекең сондай азамат.  Айтекең бүтін ел екіге жарылған, ел азаматтары қудалауға түскен заманның адамы болды. Айтекеңнің тағдыры арғы-бергі жақтағы қазақтың тағдырына, бөлінген халықтың бүтінделе алмай, тұтаса алмай жүрген тағдырына ұқсас, өмір жолы да соған ұқсайды. ҚазҰУ-да істеп жүрген кезімде бір күні Айтекең келіп, Мұстафа Шоқайдың «Жас Түркістан» газетіндегі еңбектерін шығарайық деді. Ол кезде Мұстафа Шоқай туралы жақсы еңбектер жарық көре қоймаған кез еді. Содан Айтекеңді ректорға ертіп бардым. Ректор ол кісіні ғылми қызметкер ретінде жұмысқа қабылдады. Айтекең екі жыл жүріп Мұстафа Шоқайдың 2 томдық кітабын шығарды. Сол кезде Айткеңнің халқына деген жүрегінің тазалығы, адамгершілік, азаматтығының биіктігін байқадым. Айтекең күрескер азамат болды, күреске түскенде ешқашан мұқалмай, қайта шиырыға түсетін азамат. Бірақ өмірі қысқа болды. Құдайға шүкір қазір отымыз орнында. Қазақтан әлі талай Айтандар туады. 

IMG_6650.JPG

Әлімғазы Дәулетхан, тарих ғылымының кандидаты: Жаркен Бөдеш бар, Айтанмен 1961 жылдан қайтыс болғанға (Маскеудегі жылдарынан басқа) дейін жұпымыз ажыраған жоқ. Бізге тағдыр қатал болды. Отқа да, суға да салып неше түрлі жағдайды бастан өткердік. Көкшетауда қой да бақтық. Алматыға келгенде жашік шегелеуші болып та істеді. Өзіміздің тағдырымыз, еңбегіміз, өмірге деген құштарлығымыз, болашаққа деген сеніміміз бізді бұның бәрінен алып шықты. Біз артқа кеткен жоқпыз, өмір ағына қарсы жүре білдік. Соның нәтижесінде Айтан қазақтың Айтаны болып қалыптасты. Біз Жаркен үшеміз ылғи да білім, шығармашылық, саясат туралы, өткен тарих пен алдағы болашақ туралы кеңесіп, ақылдасып тұратынбыз. Біз қашан да бір-бірімізді толықтырып байытып отырдық. Айтанның ойы, Айтанның арманы отбасы ошақ қасында емес еді. Айтанның ойшылдығына, көрегенділігіне қазір куә болып жүрміз. Айтанды айтқанда мемлекетті айтпауға, ұлтты айтпауға, оның өскен ортасын айтпауға болмайды.  Мұстафа Шоқайды зерттеуге басқа емес, ең алдымен неге Айтан барды дейсіз? Өйткені Мұстафа Шоқаймен тағдыры да, арман мүддесі де бір еді. Сондықтан да Айтан бірінші болып Мұстафа Шоқайды қазақ қоғамына таныстара бастады. Айтан да сондай қазақтың Айтаны, болашақтың Айтаны. Болашағымыз жарқын болсын.

Айтан Нүсіпхан туралы Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, тарихшы-этнограф Әбдісаттар Оспанов "Айтжан жайла ақиқат" атты мақаласында өмір жолы  мен еңбектерін толықтай жазып, "Айтан жасынан саяси күрес жолына түскен. Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін дар күш жігерін салып, ақыл парасатын аямаған азамат. Ол тіпті, 1961 жылдың өзінде, он жеті жасында, Үрімжі қаласындағы қазақ зиялылары ұйымдастырған "Жас күштер" атты астыртын саяси ұйымға қатысып, "Үш отаудың басын қосу" ұранын көтеріп, Қытай, Моңғол, Совет қазақтарының басын қосу мақсатын алға қояды. 

 Қазақстан халқына теледидар, радио, газет-журналдар арқылы асқақ рухты көсемсөз шебері, терең білімді саясеткер, ретінде де кеңінен танылды. Оның республика тәуелсіздігі, ұлттық саясат, ұлттық тіл, сондай-ақ қазақ диаспорасының жай-күйі жайлы жазғандары мен айтқандары жұртшылықтың жүрегіне жетіп жатты.  Айтан Нүсіпханұлы - Алашордашылардың, Мұстафа Шоқайдай тұтас Түркістанның бірлігі мен бостандығы үшін күресушілердің заңды мұрагеріне және олармен қазіргі ұлт күрескерлерінің арасындағы алтын көпіріне айналды. ол мемлекеттік қызметін атқара жүріп, Алашорда көсемі Мұстафа Шоқайдың шағатай тілімен жазған шығармаларын қазақ тілінде шығару арқылы-ақ алашордашылар рухы алында азаматтық борышын өтеп, қазақ қалқына орасан зор еңбек сіңіріп кетті",- деп бағалайды. 

Айтан Нүсіпхан туралы досы Әлімғазы Дәулетханұлының «Дос туралы толғанғанда» атты естелігі сайтымызда жарияланған. Алдағы уақытта Айтан Нүсіпханның сұхбаттары мен мақалаларын да  жариялайтын боламыз.

IMG_6597.JPG

IMG_6609.JPG

IMG_6603.JPG

IMG_6600.JPG

IMG_6629.JPG

IMG_6672.JPG

IMG_6637.JPG

IMG_6669.JPG

IMG_6674.JPG

IMG_6681.JPGIMG_6690.JPG

IMG_6616.JPG

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды
    Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау комиссиясы құрылды